ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП ЖАТЫР

20:30, 3 шілде 2020

Павлодар ауданында су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда ауданның 13 елді мекенінде таза ауыз су жеткізу жұмыстары атқарылуда. Оған республикалық бюджеттен екі жарым миллиард теңге бөлінді. Келер жылы тағы бірнеше ауыл тұрғындары тіршілік нәрімен сусындайды.

Павлодар қаласынан 25 шақырым қашықтықта қоныс тепкен Заңғар ауылында 535 жан басы тұрады. Мамыр айының соңында аймақтарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында сумен жабдықтау құрылысы басталды. Жоба қарқынды жүзеге асуда және келесі жылдың сәуір-мамыр айларында жергілікті тұрғындар сапалы, орталықтандырылған таза суға қол жеткізе алады.

Бауыржан Нығметжанов, мердігер компанияның өкілі:

Биыл біз сумен жабдықтау жүйесін, барлық құбырларды және үйлерге дейін жеткізу жұмыстарын атқаруымыз керек. Келесі жылы біз су сорғыш станциялары мен басқа да құрылыстарды аяқтаймыз. Екі ұңғыма болады, бұрғылау, су сорғыш станциялары, сүзгіштер, оларды биыл аяқтауға тырысамыз.

Мердігер ұйымның өкілі кей санаттағы тұрғындарға компания қаражаты есебінен үйлеріне суды тегін қосып бермек. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстардың 80% -ы аяқталды. Ауылдағы құрылыстың арқасында үш жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты.

Нұржан Еркінов, Заңғар ауылының тұрғыны:

Мен қазір каникулдамын. Семьяға көмектесейін деп, жергілікті акимат арпқылы жұмысқа кірдім. Акиматқа рахмет. Жаз біткенше осы жерде жұмыс істеймін мен.

Ал, бұл Ефремовка ауылы. Бұл жерде 1064 адам тұрады. Жақын арада тұрғындарға қуанышты күнт туып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Бұл жердегі су тарту жұмыстар мамыр айында басталған. Келесі жылы толығымен аяқталады, деп жоспарланған.

Серік Өмірбек, мердігер компанияның өкілі:

Биылдыққа беріліп тұрғаны 180 млн ақша игеруіміз қажет. Бұл обьекті келесі жылға дейін жалғасады. Келесі жылы вода забор бар, сумен қамтамасыз етеміз келесі жылы. 2021 жылы тапсырамыз осы обьектіні.

Сондай-ақ, жергілікті үш тұрғын бұл мекемеде 100 мың теңгедей жалақысы бар жұмысқа орналасты. Бүгінгі таңда Павлодар ауданындағы 38 елді мекеннің 12-де орталықтандырылған су бар. Барлық жобалар жүзеге асырылғаннан кейін, аудан халқының 85% -ы сапалы таза сумен қамтамтылатын болады.

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...