ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛДЫ

14:31, 24 қаңтар 2020

Павлодар қаласының тұрғындары сусыз қалды. Қатаев, Қамзин, Ломов және Гагарин көшелері маңында су құбыры жарылды. Соның салдарынан адамдар бір тәуліктен аса суға зәру болып қалды.

Төтенше оқиға  кеше кешкі сағат 5тер шамасында орын алған. Тұрғындар апаттық жағдай туралы тиісті мамандарға бірден хабарлапты. Қоңыраудан кейін арнайы әрекет ету тобы келіп, жөндеу жұмыстарына кіріскен. Су тасушы көлігі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде. Айтуларынша, мұндай апаттық жағдайлар жиі болмайды.

Тұрғанжан Тоқтахунов, Қатаев көшесі 87 үйдің тұрғыны:

КСК-ға звондадым, қарасам лужа тұр. Жазда да болады, қыста да болады. Кеше де келді, бүгін де келді. Уақытысымен келіп жатыр. Әкеліп жатыр суын, оған да рақмет әйтеуір.

Жөндеу жұмыстары кешегі түннен бастап әлі де жалғасуда. Мамандардың айтуынша, жарылған су құбырының тозығы әбден жеткен.

Владимир Бордаев, су арнасы орталық диспетчерлік қызметі басшысының орынбасары:

Диаметрі 250 болатын су құбыры қақ жартысынан бөлініп, жарылған. Сол себепті, осы аумақтағы тұрғын үйлер зардап шегіп, ауыз сусыз қалды. Қазіргі уақытта құбырды жалғау бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Соңғы рет мұнда Гагарин көшесі, 64 үйдің су құбырын жөндеген едік.

Үй тұрғындары осындай жағдай жиі орын алады деп шағымдануда. 21 ғасырда ауыз судың тапшылығы мәселесі болмауы тиіс дейді. Құбыр шойыннан жасалғандықтан топырақтың салмағына төтеп бере алмайды. Сол себепті, апаттық жағдай орын алған. Жарылған құбырдың салдарынан төрт тұрғын үймен қатар, мектеп те суға тапшы. Қыс мезгілі бастағалы осы учаскеде 3 рет төтенше жағдай тіркелген. Мамандар жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталады деп уәде берді.

 

Айдана Жұмагелдіқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар