ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ САЛЫНБАҚ

19:08, 7 тамыз 2019

2018 жылы наурыз айында мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастаманы іске асыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарына білім алушыларды баспанамен қамтамасыз ету енген. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті студенттеріне қосымша жатақхана салу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда университеттің 847 орынды қамтитын 2 жатақханасы бар. Күндізгі оқу бөліміңде 2177 студент білім алады. Нысан №34  жалпы орта білім беретін мектеп маңында салынады. Құрылыс жұмыстары басталып кеткен.  Алғашында жүргізілген сараптамалар бойынша жер телімі мемлекет қарамағына өткен.

Айгүл Маликова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

Бұл аумақ спорттық алаң болып есептелмеді.  Қазіргі таңда барлық жасалған нысанның сметалық құжаттары заңға сәйкес. Атқарылатын жұмыстар оқу мерзіміне еш кесерін тигізбейді. Барлық спорттық жабдықтар мектеп аумағына тиесілі. Сондықтан аумақта қалады.

Биылғы оқу жылына 2200 студент келеді деп жоспарланған. Алайда, жүргізілген талдаулар бойынша 1100 келетін студентке орын тапшы. Сол себепті қосымша жатақхана салу туралы шешім қабылданған. Ол 550 студентті баспанамен қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айынан басталып, жоспар бойынша  2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...