ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЕҢБЕККЕ ТАРТЫЛДЫ

21:07, 5 тамыз 2020

Карантин уақытын тиімді өткізу үшін студенттерге көптеген жағдайлар жасалуда. Жастар қауымы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, қаланы абаттандыруға ат салысып жатыр. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы бойынша суденттер жоғарғы оқу орындарына жұмысқа жұмылдырылды.

Аңсар Жәлелов - Торайғыров университеті 3 курс студенті. Ол жазғы уақытты тиімді пайдалану үшін - студенттік жасақтың қатарына енді. Мұнда ол білім ордасын абаттандыру жұмыстарына қатысады. Бұл әрекетінің өзіндік себебі бар.

Аңсар Жәлелов, 3 курс студенті:

Себебі, жаз маусым айларында демалыстың орнына біраз ақша тауып, балалармен бірге жұмыс істеп деген ойда шешім қабылдадым. Біздің жұмысымыз ауыр болғанымен, еңбекақыны алып, балалармен осылай жұмыс істеп жатырмыз. 

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қаладағы жоғары оқу орындарының біріне жыл басынан бері 84 студент келген. Мамыр айынан бастап қабылданған 30 студент құрылыс жасақтарына бөлінді. Ұлдар құрылыс, абаттандыру, қоқыс шығарумен айналысса, қыздар сырлау, әктеу және жасылдандыру жұмыстарымен айналысады.

Сапар Шайхимов, Торайғыров университеті студенттік филармония басшысы:

Маусым айынан бастап, осы студенттермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Университеттің болашағы үшін студенттерге жеңілдік көп жасап жатыр. Дәл қазіргі уақытта 35 студенттей қалды. Оның ішінде 8 қыз бар. Қыздар машина жасау факультетінде жұмыс істеп жатыр.

Жұмыс күні таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады. Студенттердің еңбегі елеусіз қалмайды. Оларға 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...