ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

СТРИТБОЛ АЛАҢДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

20:07, 25 маусым 2020

Арнамызға ауладағы стритбол алаңдарының жағдайы көңіл көшітпейтінін айтып, тұрғындар хабарласқан болатын. Жаңадан төселген жабындының беткі қабаты шұрық-тесікке айналған. Ал, былтырғы жылғы деректерге сүйенсек, осындай бір алаңның жұмсақ жабындысына бюджеттен 650 мың теңге жұмсалыпты. Енді қайтпек керек? Бұған жауапты кімдер?

Қамзин көшесіндегі 20-шы үйдің ауласына былтыр ғана жаңа стрибол алаңы салынған болатын. Мұнда төселген жабынды спортпен шұғылданғанда қауіпсіз болуы керек. Бірақ, көрер көзге сапасы ондай емес.

Жұлдыз Қарменова, қала тұрғыны:

Біздің ойымызша бұл сапалы материал емес. Немесе құрылыс жұмыстары кезеніде бір ағаттық кетті. Себебі, қолданысқа берген соң екі айдан кейін үгітіліп, түсе бастады. Мысалы, мына бұрышты қараңыз. Мұны балалар әдейі үгіткен жоқ. Көрініп тұр ғой.

Стритбол алаңдары қалалық спорт бөлімінің балансында. Сала мамандары алаңның беткі қабатының жылдам үгілуіне не себеп болғандығын айтты.

Еркін Мәкешев, балалар мен жасөспірімдердің спорт орталығы меңгерушісі:

Тұрғындардың барлығы мына дүниелер мәңгілік тұрады деп ойлайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біздің ауа райын да қаперге алу керек. Күн райының да әсері көп. Мұндай жабындылар еліміздің оңтүстік өңірлерінде 5 жылға дейін бұзылмайды. Өйткені ол жақтағы температуралық режим қолайлы. Қар, мұз деген нәрсе көп болмайды. Бұл заттар желіммен жабыстырылады. Ал, желім қыста тез зақымданады.

Ал, бұл стритбол алаңы Павлов көшесіндегі 28-ші және 32 үйлердің ауласында орналасқан. Былтыр жөнделген нысандар қатарында. Бірақ, аула тұрғындарының сөзінше шамамен екі-үш айдан кейін тоз-тозы шыққан. Мұндай уақытынан бұрын ескірген алаңдар қала бойынша екеу-үшеу емес. Осыған қатысты тұрғындардың арыз-шағымы толастамай тұр.

Эмма, қала тұрғыны:

Мынау былтыр мамыр, маусым айларында салынды. Бір-екі айдан кейін көңіл көншітпейтін халге жетті. Мына қоқысты да тазаламайды. Былтырдан бері жатыр. міне, өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Қателеспесем, бұған ТҮКШ жауапты шығар?!

Жалпы, стритбол алаңдары облыс орталығында былтыр пайдалануға берілген. Олардың жалпы саны 56. Бір шаршы метр жердің жабындысының құны 5 мың теңге. Ал, жалпы аумағы 130 шаршы метр. Спорт бөлімі қалыпна келтірілуі тиіс жерлердің барлығын қаперге алды, жөнделеді. Ал, биыл жаңа алаңдар салуға бюджеттен 9 млн теңге бөлінді.  

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар