ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

СПОРТҚА БЕТ БҰР, БАЛАҚАЙ!

19:14, 11 маусым 2019

Жастар жылында елімізде оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе спорт саласындағы жетістіктер мол. Спортшылар үшін қолайлы жағдай жасалып отырғандығын байқауға болады. Осы ретте сіздермен Май еліндегі жағымды жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. Май ауданына қарасты Кеңтүбек ауылында спорттық және балалар ойын алаңы ашылды. Экранға зер салып, бірге көрейік.

Кеңтүбек ауылында бұрын соңды ойын алаңы болмаған. Оқушылар, мектеп ішіндегі залда шынығатын. Биылғы жылы «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында спорттық ойын кешенінің құрылысы басталған. Міне, бүгін көпті қуантып бұл нысан пайдалануға берілді.

Сағадат Отаров, балалар жасөспірімдер спортмектебінің басшысы:

Шара шымылдығы жергілікті айтыскер ақынның арнауымен ашылды.

Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен демеушілік жасаған әлеуметтік бағдарламаларды қорғау ұйымының өкілі қатысты. Нысан құрылысына 41 млн теңге бөлінген.

Аймақ басшысының орынбасары алғашқы допты тепкеннен кейін, балғындарға арналған ойын алаңында балалық шаққа саяхат жасады.

2018 жылы жалпы облыс облыс бойынша 50 спорт алаңы салынған. Биыл тағы 80 нысан қолданысқа берілмек. Ал, шілде айында дәл осындай спорттық ойын алаңы Баянауыл ауданында ашылады деп күтілуде. Шара соңы алғашқы достық кездесуге ұласты.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Спорт - денсаулық кепілі. Жастар жылында жастардың басым бөлігі бұл салаға көптеп бет бұруда. Бұл әлбетте, қуантарлық жағдай. Осы ретте Май ауданына қарасты Кеңтүбек ауылында жаңа әмбебеп спорт және балалар ойын алаңы ашылуда. «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасының аясында бой көтерген ойын алаңында болашақ еліміздің көк байрағын желбіретер спортшылар шынығатын болады. Зұлқарнай Ермұратұлы, Әмір Ерланұлы, Ертіс ақпарат, май ауданынан.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар