ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

Спорт алаңдарын тазалауға арналған техника берілді.

17:15, 12 наурыз 2018

Павлодардағы спорт алаңдарын жылдың төрт мезгілінде дұрыс күйде ұстау үшін көпфункционалды заманауи техника сатып алынды. Қала бюджетінен бұл мақсатта 20 млн теңге қаржы бөлінді. Арнайы көлік шаңғы трассаларын, ипподром мен футбол алаңдарын қысы-жазы оңтайлы қалыпта ұстауға көмек бермек.

Павлодарда жылма-жыл спорт нысандарының саны өсе түсуде. Бұл тұрғындардың салауатты өмір салтына деген көзқарасы біршама өзгергенін білдірсе керек-ті. Алайда, спорт нысандарын күтіп-баптау да қажырлы еңбекті қажет етеді. Осы мақсатта шаһар бюджетінен 20 млн теңге қаржы бөлініп,  көпфункционалды техника сатып алынды. Арнайы көлік мұз айдындарын, шаңғы трассаларын, футбол алаңдарын, ипподромды дұрыс күйде ұстап, кез-келген спорттық шараға сақадай сай болуын қамтамасыз етеді.

Арнайы техника Ресейдің Арзамас қаласында жасалған. Жалпы, сала мамандары спорт алаңдарында жұмыс істейтін техникалардың көбі ескіргенін айтады. Сондықтан бұл техникалық модернизация аясындағы алғашқы бастамамыз дейді.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...