ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

СӨЗ ШЕБЕРІ

19:49, 25 маусым 2019

БАҚ өкілдерімен өте тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілер баспасөз хатшылары. Оларды біздің әріптестеріміз деп санайсыз. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында олар жайлы да айтқан жөн болар.

Айнұр Сәдуақасова Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орыс филология мамандығы бойынша білім алған. Осы білім ордасында журналистика, орыс тілі және әдебиет сабақтарынан студенттерге ұстаз болған. Сондай-ақ біраз жылдар жастар тәрбиесі департаментінде қызмет етті. Түрлі шаралар ұйымдастырудан алдына жан салмайды. Үнемі ізденісте жүреді. 

Айнұр Сәдуақасова, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы:

Мен алғаш қызметке келген кезде, мен өз жұмысыма үлкен қызығушылық таныттым. Жаңа бір дүниелерді ойластыруды ұнатамын. Күн сайын өзімді жетілдіріп келемін. Менің ойымша, алға деген ұмтылыс әр адамда болуы қажет. Біз халықтың қамы үшін жұмыс жасаймыз. Сондықтан жұмысым нәтижелі болып, пайдасымен болса, бұл мен үшін қуаныш.

2013 жылы облыс әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс жасап содан млекеттік қызмет саласындағы өмірі басталды. Бала кезінен армандары көп жан, мақсаттарына қол жеткізе білді. Айнұр Сәдуақасованың білікті маман екенін әріптестері де жоғары бағалайды.

Нұржан Толыбеков,  сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы:

Осы біздің департаменттің тілшісі Айнұр Боранбайқызын екі жылдан астам уақыт білемін. Оған дейін де мемлекеттік органның маңайында, ішкі саясат басқармасында қызмет атқарды. Біздің департаментте бір жылдай бірлесіп бірге қызмет жасап келеміз. Жалпы, адамгершілік тарапынан өте сыпайы, қарапайым адам. Өзінің жұмысын әрдайым уақытылы, тиянақты жасайды.

Айнұр Сәдуақасованың алғаш жұмысқа келген күнін қазіргі уақытпен салыстыруға келмейді. Апта сайын жаңалық ашып, жаңа адамдармен танысу оған қуаныш сыйлайды. Шығармашыл жан өз ісіне сүйспеншілікпен қарап, жан-жақты даму үстінде.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ӨРНЕКТІ ҒҰМЫР» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
15:10, 12 желтоқсан 2019
«ӨРНЕКТІ ҒҰМЫР» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...