ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

СӨЗ ШЕБЕРІ

19:21, 24 маусым 2019

28 маусымда Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бүгіннен бастап біздің телеарна жаңа айдарды ашты. Онда аймақтың ең қызықты және маңызды жаңалықтарынан хабардар ететін адамдар жайлы айтатын боламыз. Бүгінгі кейіпкеріміз, танымал павлодарлық тілші, Қазақстанның Құрметті журналисі, 48 жылдық еңбек өтілі бар – Сергей Горбунов.

Сергей Горбунов келесі жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Сөз шебері 48 жыл бойы өзін журнилистика саласына арнады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін көп уақытын жұбайымен бірге таза ауада аясында серуендегенді ұнатады.

Сергей Горбунов, Қазақстанның құрметті журналисі:

Менде бір қасиетім бар, мен бәрін білгенді жақсы көремін, содан өз білгенімді басқалармен бөліскенді ұнатамын. Мектепті бітірген кезде, отбасыммен бірге өткелмен ана жағалауға барғанбыз. Сол жерге жеткенде біреулер ағашты кесіп, түбірін ғана қалдырғанын байқадым. Мені бұл қатты алаңдатқандықтан алдым да «Звезда Прииртышья» газетіне «Түбірі ғана шығып тұр» деп жазып жібердім.

Осындай ерекше сезіммен  қалам иесі өзінің алғашқы жұмыстарын еске алады. Өзінің кәсіби жолында көп тиражды «Строитель» газетінде, аудандық «Нива» газеті, облыстық телеарна мен «Звезда Прииртышья», қазақ телеграф агенттігінің меншікті тілшісі де болған. 25 жыл бойы «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс еңбек етті.

Сергей Горбунов, Қазақстанның құрметті журналисі:

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, айтады ғой бұрынғы милиционерлер болмайды деп. Дәл солай бұрынғы журналист те болмайды. Бірдеңені көріп-білгеннен кейін бәріне айтқым келеді. Қандай да бір мәселені көтеру. Ақырындап, Звездаға жаза бастадым. Содан Іскерлік Қазақстанға шақырды.

Сөз шебері Ертіс өңірінің алпауыт кәсіпорындары ашылып жатқанда, әрдайым оқиға ортасынан табылатын. Шығармашылықтағы белсенді өмірінен бөлек, Сергей Александрович үй ішінде де тамаша жұп.

Татьяна Кокарева, Сергей Горбуновтың жұбайы:

Ең бастысы ол өте мейірімді адам. Ол тек отбасына ғана емес, бөгде адамдарға да мейірімді. Өте қамқоршыл. Мені әрдайым қолдайды.

Сергей Горбунов ҚР Тұңғыш Президенті Грантының, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарының иегері.  Ресей Журналистер Одағының Новосібір облыстық ұйымының «отандық журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» орденінің иегері.

 

Марина САХАРОВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...