
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрыңғы басшысына қытысты сот үкімі шығарылды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі, 2,4-тармағы бойынша алаяқтық бойынша айып тағылған еді.
2019 жылдың қыркүйек айында офицер АП-162/2-де жазасын өтеп жатқан сотталушыны осы түзеу мекемесінде жазасын одан әрі өтеуге қатысты мәселелерін шешуге көмектесемін деп сендірген. Осылайша 80 мың теңге көлемінде ақша алған. 2019 жылдың желтоқсан айында 440 мың тг алған. Алайда, айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Қаражатты мекемеге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін алғанын айтты. Сот үкімі бойынша түзеу мекемесінің қызметкеріне қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жарияланған шешім бойынша орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, ер адам әділет аға лейтенанты атағынан айырылды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Айтып өтейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Гаухар МҰСА