ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ

19:52, 10 тамыз 2018

Облыс орталығында әлеуметтік салалардың цифрлық қызметі жаңа бөліммен толықты. Бұдан былай, «Smart-Pavlodar» электрондық қосымшасы арқылы инватакси шақырып, шипажай-емдеу қызметіндегі кезек ретін де көруге болады. Өкінішке қарай, «Әлеуметтік қорғау» деп аталатын мобильдік қосымшаның тек орысша нұсқасы бар. Әкімдік өкілдері жобаны әзірлеу межесінде мемлекеттік тілге неліктен басымдық бермегені түсініксіз.

«Әлеуметтік қорғауды» пайдалану көрсеткіші қазірдің өзінде 20 мыңнан асады. 22 смарт-кезегімен қамтылған мобильдік қосымша жеңіл жүктеледі. Тек, ұялы телефоныңызда плей-маркет немесе эппстордың болуы шарт. Игілікті пайдаланып үлгерген павлодарлықтар жобаның артықшылықтарын айтуда.

ҚЫМБАТ МҰҚАШОВА, Павлодар қаласының тұрғыны

Көп уақыт алмайды. Бір жерге барудың керегі жоқ. Қайда болсаң да қосымша қолыңда болады. Соны қарап шығып, ешкімді тоспай, ешқайда бармай. Өзім қарадым, өзім таптым, өзім барып келдім, болды. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құралдар, инватакси және шипажай-емдеу қызметтері бойынша онлайн-кезекті, әзірге, тек орыс тілінде іздеп табуға болады. Ал оны мемлекеттік тілге аудару - екінші мәселе.

МАРАТ ҚОЖАХМЕТОВ, Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі

Пилоттық жобадағы нұсқасы орысша әзірленді. Сынамалы режим аяқталғаннан кейін, мемлекеттік тілдегі нұсқасын енгізу мүмкіндіктерін қарастырамыз.

СЕРГЕЙ ГОЛЫШЕВ, «Smart-Pavlodar» электрондық қосымшасын әзірлеуші серіктестіктің жетекшісі

Әуел баста қосымшада қазақ тілі болған. Кейін ақпаратты жаңарту жылдамдығының жиілігіне байланысты, қателермен жұмыс көп уақыт алды. Осыған байланысты, қазақ тілін алдағы қыркүйек айында енгіземіз.

Осылайша, орыс тілін жете түсінбейтін қосымша пайдаланушыларына кемінде бір ай сөздіктің көмегіне жүгінуге тура келеді. Мемлекеттік тілдің аударма тілі еместігі көпшілікке сан мәрте ескертілгенімен, заңның толыққанды орындалуы ашық мәселе болып қалуда.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...