ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

ШҮЛЕМБАЕВ ЖАЙЛЫ КІТАП ШЫҚТЫ

20:18, 11 сәуір 2019

Баянауыл ауданының құрметті азаматы Мүкәрам Шүлембаев жайлы кітап жарық көрді. «Бекзат болмыс» атты жинақта Мүкәрам Шүлембаевтың республикалық және облыстық газеттерде шыққан мақалалары мен ол жайлы достары мен туыстары жазған естеліктер топтастырылған.

Дүниеден озғанына бір жыл болған ардагерді зиялы қауым өкілі еске алды.  Мүкарәм Шүлембаевтың есімі  Ертіс-Баян өңіріне етене таныс. Баянауыл ауданының құрметі азаматы болған. Үлкен әулеттің тірегі болған Шүлембаев 1935 жылы Ресей елінің Кемерова облысы Ленинск-Кузнецкий қаласында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Талғар қаласындағы техникумды бітіріп, 1955 жылы Баянауыл ауданында механик қызметінен еңбек жолын бастады. Зейнет жасына дейін түрлі лауазымды қызмет атқарып, еліміздің көркеуіне өз үлесін қосты. 

Әбілхақ Түгелбаев, М.Шүлембаевтың туысы
Солардың қай-қайсысы болмасын бұл кісі жөнінде қазіргі шығып жатқан кітапта көрсетті.  Баянауылда тумаса да негізі түбі сол елдің, сол елде өсіп, сол ортада қалыптасқан адам. Бұның барлығы тектіліктің арқасы деп ойлаймын мен өзім.

«Жақсының аты өлмейді, ғкалымның хаты өлмейді» дейді дархан қазақ. Жарыққа шыққан кітап соның бір дәлелі. Ар намыспен адалдықты жоғары ұстап, қарапайым ғана ғұмыр кешкен Мүкәрам Шүлембаевпен дәм-тұздас болған жерлестері мен үзеңгілес жолдастары еш ұмытпайды. Кітаптың ресми тұсау кесер салтанаты осы сенбі күні Баянауыл ауданының С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде өтеді.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНДА ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
15:26, 19 маусым 2019
НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНДА ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар