ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

11:47, 2 шілде 2020

«Қыстың қамын жаз ойла», демекші Павлодарлық шаруалар биылғы жылы 1 миллионға жуық шөп дайындауды жоспарлап отыр. Мұндай болжамды жергілікті өсімдік шаруашылығының мамандары жасады. Қазірдің өзінде 130 мың гектар алқаптың шалғыны орылды.

Мал азығын дайындауға жеке шаруашылықтармен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілер де кірісуде. Ең бастысы шөп шабатын, жинайтын, орамаға түсіретін қажетті техникалар жұмылдырылған. Ауа райының биылғы жайы мол өнім алуға кедергі болмайды дейді мамандар.

Байболат Рахымжанов, ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Ауа райы енді, несі бар жасыратыны, кішкене қолайсыздау болды. Мамыр айының ортасынан бастап осы күнге дейін жауын-шашын болған жоқ қой. Өткен жұмадан бастап жауын-шашын әр жерде болып жатыр. Жағдай кішкене түзелген сияқты.

Ауа райының құрғақшылығына қарамастан, аудандар шөп жинауға кірісіп,  алғашқы өні жинады. Қазірдің өзінде 53 мың тонна шөппен 17 мың тоннадан аса пішендеме дайындалды.

Байболат Рахымжанов, ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Жыл сайын облыс бойынша, 1 миллионнан аса шөп дайындалады. Сол жобаға келеді. Жоспар бойынша 210 мың тонна – сабан, сүрлем – 127 мың тонна жиналады. Өткен жылғы қордан 53 мың тонна сүрлем, пішендеме 13-14 мың тонна, шөп 72 мың тонна қалған.

Шаруалар биылғы жылы 1 миллионға жуық мал қоры жиналады деп болжап отыр. Осы құрғақшылыққа қарамастан диқандар 1 гектардан 4-5 центнер өнім алуды көздейді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
18:04, 20 қаңтар 2021
«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
22:34, 18 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
22:05, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
21:52, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА...
Толығырақ...