ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

18:44, 9 тамыз 2019

Бүгін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз жиынын өткізді. Онда өңір тұрғындарынан жасақталған және арнайы орындарда шомылып, су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылды.

Биылғы жылы   облыс аумағында барлығы шомылуға қауіпсіз 29 орын дайындалған, олардың 16 сы жекеменшік жағажайлар. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су айдындарының маңындағы қауіпті және жасақталмаған орындарда 84 тыйым салу белгісі және 57 ескерту белгісі орнатылды. Жергілікті полиция қызметі білім беру бөлімдері мамандарымен бірлескен күнделікті рейдтік шаралар күшейтілді.

Самат Асайынов, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Сіздер білетіндей, үнемі рейдтік шаралар өткізіліп тұрады. Қауіпсіздік шараларының алдын алуын үнемі айтып жатырмыз, жаднамалар таратып жатырмыз. Суда қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі болйынша  303 рейд өткізілді, тұрғындарға 29303 жаднама таратылды. Атқарған жұмыстарға қарамастан шомылу маусымы басталғалы бері облыстың су айдындарында 28 адам көз жұмды, олардың  тоғызы – балалалар. 

Сондай-ақ, 39772 адаммен әңгімелесу жүргізілген. Олардың 14165-сі бала. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізілген рейд шаралары барысында 215 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 440-бап бойынша -11 адам, 364 бап бойынша – 201 адам, 412 бап бойынша 3 адам жауапкершілкке тартылды.


Рустам Жанас, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары:

Павлодар қаласының тұрғындары. Сіздерден сұрарымыз су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.  Рұүқсат етілмеген жердерде шомылмауларыңызды сұраймыз.

Қайғылы жағдайлардың барлығы азаматтардың жауапсыздығынан орын алды. Тұлғалар шомылуға тыйым салынған жерлерде суға батып кетті.  Осы ретте Төтенше жағдайлар департаменті жасақталған және арнайы орындарда шомылып, су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар