ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА АРНАЛҒАН «ОТАНДАСТАР» КӨМЕК ҚОРЫ

20:41, 6 тамыз 2018

Елімізде «Отандастар» қоры құрылды. Ұйым шетелдегі қазақтарға көмек көрсету бағытында жұмыс істемек. Айта кетері, қор Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен өзара тығыз байланыста болмақ. Бұл жерде қандастарымыз құқықтық көмекпен қоса, мәдени және білім бастамаларына қатысты қолдауды да таба алады.

Былтыр Дүниежүзілік қазақстардың 5-ші құрылтайында Елбасы Үкіметке «Отандастар» қорын құруды тапсырды. Оның басты мақсаты – шетелдегі немесе елге оралған қандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету.

ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ, Дүниежүзі қазақстар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары   

Жиынды осында әдейі ұйымдастырып отырмыз. Және қазақ диаспорасының өкілдерін де шақырттық. Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының басты міндеті – тарихи отанына қандартарды тарту. Және шетелде тұрып жатқан қазақтарға қолдау көрсету.

Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша, тәуелсіздік алған 27 жылда елімізге 1 млн қандасымыз оралған. Бүгінде атамекенге қайтамын дегендердің қарасы қалың. Елбасы тарихи отанына көшіп келген қауымға барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Сәйкесінше, әр жерде баспаналар салынып, жұмыс орындары ашылуда. «Отандастар» қорының негізгі жұмысы осыған саяды.   

ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВ, Дүниежүзі қазақстар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары   

Ендігі міндет барлық облыстарда және қазақтар тұратын елдерде біздің өкілеттілікті құру. Бірінші кезекте аймақтардағы жұмысты аяқтадық. 17 аймақта өз өкілімізді тағайындадық. Енді Қытай, Ресей, Өзбекстан, Монғолия, Түркия сынды елдерде жұмысты бастаймыз. 

«Отандастар» қоры жуырда ғана бекітілді. Қазірде қамқоршылық, байқаушы кеңесі мен директорлар кеңесін құру қалды. Жалпы бұл бағыттағы жұмыс қыркүйекте аяқталмақ.

 

Валерия СТЕПЧУК, Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
19:04, 10 қазан 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар