ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ШЕТ ЕЛ КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕУ КЕРЕК

11:05, 20 қаңтар 2020

Шет елден сатып әкелінген көліктерді тіркеу керек. Тіркелмеген көліктер 2014 жылы күшіне енген «Жол қауіпсіздігі туралы» заң нормасына қайшы болып саналады.

Сол себепті, полиция департаменті облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп заң нормаларын түсіндірді. Соңғы кездері елімізде Армения елінің көліктері көбейіп кетті. Өйткені, ол жақта темір тұлпардың бағасы арзан. Әйтсе де, өзге елден сатып әкелген көліктерін қазақстандықтар тіркеуге қоюға асығар емес. «Жол қауіпсіздігі туралы» заң бойынша Армения мен Қырғыз елінен сатып әкелген көліктерін ел тұрғындары он күннің ішінде тіркеуге қойып, Қазақстанның құжатын алу қажет.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Заң бойынша, сіз кірген соң он күннің арасында тіркелуіңіз керек. Мына жол ережесін сақтау бойынша сіз 10 күннің арасында оны тіркеп, Қазақстанның нөмерін бәрін алып сосын Қазақстанның автокөлігі болып саналуы керек.

Ал, Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді Қазақстанда тіркеу үшін Еуро 4 стандартына сәйкес болуы тиіс. Яғни, 2015 жылдан бері қарайғы жылдары шығарылған машиналар ғана тіркеледі. Одан ескілері тіркеуге жатпайды. Ал, Арменияда сатылған машинаны 30 күннен кейін ол елде автоматты түрде тіркеуден шығарып тастайды екен.  

Михаил Кипер, көлік жүргізуші:

Маған жаңа ғана түсіндіру бойынша, Армениядан алған көлік 30 күнен кейін ол жақтан тіркеуден шығарылады екен. Яғни, осында жүрген армениялық нөмірлі машиналар заңсыз жүр екенбіз. Оны енді, тіпті сата да алмаймыз. Полицейлер, әзірге ешқандай ереже бұзбасам жүре беретінімді айтты.

Десе де, өзге елде тіркеуден шығарылған, ал біздің елде тіркеуге тұрмаған көліктермен емір еркін ұзақ уақыт сайран салып жүре алмайды. Күндердің күнінде оларға да шара қолданылады. Өйткені, басқа елдің тіркеуіндегі көліктер Қазақстанға салық төлемейді, ең жаманы жол ережесін бұзғанда олардан айыппұл өндіріп алу қиын.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Иә, олар салықтан қашады. Және таможный гос пошлинада разница есть, разницаны төлемейді. Қазір білесіздер біз былтырдан бастап оның алдынан бастап өте көп тоқтата қоймаймыз көліктерді. Автокөліктер мына техникалық құжаттар бойынша олардың жол ережесін бұзғаны соған тіркеледі. Сонда біз білмейміз кімге жіберу керек екенін содан қашады.

Былтыр, өзге елдің нөмерімен жүрген 1500-дей жүргізуші жол ережесін бұзған. Полицейлер олардың тек 400-ін ғана тауып айыппұл өндіріп алған. Қалғандарының тіркеуі қайда екені белгісіз. Қазір өңірде бей ресми дерек бойынша, Ресей нөмерімен 2000 көлік, Беларустік тіркеумен 15, қырғыз нөмерімен 50 және Армения нөмерімен 300 көлік жүр.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
09:54, 20 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...