ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

ШЕКАРАДАН ӨТУ ТӘРТІБІ РЕТТЕЛЕДІ

14:36, 10 қаңтар 2019

Мәжіліс депутаттары -- ТМД елдерінің терроризмге және экстремизмге қарсы ынтымақтастығы туралы келісімді мақұлдады. Сондай-ақ, төменгі палата депутаттары -- Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді мақұлдады. Күніне екі елдің шекарасынан - 18 мың адам, 600 көлік өтеді. Өткізу пункттерінің әлеуеті жеткіліксіз. Норма бойынша 1 адам 3 минут, жеңіл көлік – 15 минутта өтуі тиіс, іс жүзінде  азаматтар ұзын сонар кезекте тұруға мәжбүр. Соңғы 20 жылда - көрсеткіш 8 есеге өскен. Жаңа құжаттың  күшіне енуі -- қос ел шекарасындағы ережені бекітуге, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, көлікпен шекарадан өту және жүктерді қадағалау тәртібі қарастырылады. Құжат - қаржылық шығынды талап етпейді.

АВТОРЫ: ИНДИРА БЕГАЙДАР.

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
14:31, 20 наурыз 2019
АҚСУДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар