ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

19:57, 9 қазан 2018

Шарбақты ауданында ағартушы, діни қайраткер Ғабдул-Уахит Тіленшіұлының 165 жылдық мерейтойы аталып өтілді. XIX аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген тұлға еліне дін жолын насихаттаған қасиетті адам болған. Хазіреттің құрметіне орай Шалдай орманындағы кесенесінің жанынан этноауыл ауыл құрылып, дүбірлі думан өтті.

Ғабдул-Уахит Тіленшіұлы – Шарбақты ауданының Қызыл шілік ауылында дүниеге келген. 6 жасында ауыл молдасынан сауат ашып, сегіз жыл бойы Семейде білім алған. Кейіннен бүкіл Орта Азияда теңдесі жоқ Бұхарадағы «Әлем-араб» медресесінде оқиды. Ұрпақтарының айтуынша, медреседе ол Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен бірге оқыған. Хазірет оқуын үздік бағамен тәмамдап, 1888 жылы туған өлкесіне оралады. Осы жылдан бастап ол ислам дінін таратады. Балаларға араб тілін үйретіп, мұқтаж жандарға қолынан келгенше көмектеседі. Сонымен қатар Ғабдылуахит Хазіреттің адамдарды емдеп, болашақты болжай алатын көріпкелдігі де болған.

 ТӨЛЕГЕН ӘБДІРАХМАНОВ – Шарбақты аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі

Ғабдул-Уахит Хазіретұлы бәріне белгілі адам. Оған міне кесене құрылған. 7 жыл болды. Кесенеге көп халық келеді. Жалғыз ғана біздің ауданнан емес, бүкіл облыстан, Ресейден келіп кетеді Ғабдул-Уахит Хазіреттің кесенесіне. 

Мерейтой барысында  жиналған қауым алдымен баба рухына құран бағыштап,  құрбандық шалды. Одан әрі шара концерттік бағдарламамен ұласып, қазақтың ұлттық спорт ойындарымен жалғасты.  Сондай-ақ, ұлттық қол өнер бұйымдары мен  қазақтың салт-дәстүрлері де көрсетілді. 

ЕРМЕК БАЛТАҰЛЫ -  Ғ.У.Тіленшіұлы кесенесінің шырақшысы

Мына жерде енді кішкентай этноауыл құрылып жатыр.  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында киіз үйлер құрылған кішігірім той болып жатыр. Аудан әкімі Балғабай Жұмағұлұлының қолдауымен, сол кісінің басқаруымен және де «Ертіс орманы» резерватының қолдауымен осындай той өткізіліп ждатыр.   

Бізге жеткен тарихи деректерден белгілісі алты жасында ауыл молдасынан дәріс алған Ғабдул-Уахит өзінің зеректігі арқасында ислам дінінің асылдарын тереңінен меңгеріп, «Хазірет» деген атақ алады. Кесене шырақшысының айтуынша, Ғабдул-Уахит бабамен  қатарлас оқыған 500 тәрбиеленушінің тек төртеуі ғана мұндай даңқа  қол жеткізген.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...