Шарбақты ауданында белбеу күресінен аймақтық турнир өтті

18:29, 11 қыркүйек 2017

Шарбақты ауданында белбеу күресінен спорт шебері Нұрбол Қабимолденовты еске алуға арналған аймақтық турнир өтті. Небәрі 21 жасында әлемдік додаларда өнер көрсетіп, жауырыны жерге тимеген жас балуан жасындай жарқ етіп өмірмен ерте қоштасты. Жарысқа облыстың ауыл-аудандары мен қалаларынан 75 палуан қатысып, бақтарын сынады.

Шарбақты ауданы Жылыбұлақ ауылының тумасы Нұрбол Қабимолденов өмірден тым ерте, небәрі 21 жасында озды. Бірақ шоқ жұлдыздай жарқ еткен осы бір қысқа ғұмырында ол биік белестерді бағындырды. Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын Нұрбол белбеу күресінен екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Қазақ күресі бойынша спорт шебері дәрежесіне қол жеткізді. Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Белбеу күресінен Эфиопияда өтетін әлемдік чемпионаттың лицензиясын да жеңіп алған. Жаттықтырушысы Жамболат Бастемиевтің айтуынша, Нұрболдың көзі тірісінде алар асуы әлі алда еді.    

ЖАМБОЛАТ БАСТЕМИЕВ, Шарбақты ауданындағы спорт мектебінің директоры

Міне осымен үшінші жыл қатарынан Нұрбол Қабимолденовтың жанұясы жас спортшыны еске алуға арналған турнирлерді ұйымдастырып келеді. Әпкесі Нұргүлдің сөзінше, Нұрболдың жеңіске деген жігері, өз мақсатына жетудегі табандылығы мен қайтпас қайсар мінезі бүгінгі жас спортшыларға үлгі боларлықтай

НҰРГҰЛ СЕЙІТОВА, әпкесі

Белбеу күресінен ашық облыстық турнирге өңірдің қала мен аудандарынан 75 палуан қатысты. Абсолютті салмақта, яғни 70 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды Әмір Мұхамедьяров еншілесе, екінші орынды Әділхан Бүркітбаев жеңіп алды. Үшінші орын Алдияр Айтмұханбетке бұйырды. Ал 70 келіден жоғары салмақта бірінші орынды Амри Багустар қанжығасына байлады. Екінші орынды Темірғалы Құдайбергенов жеңіп алса, үшінші орынды Алтынбек Жұмадиров еншіледі.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
18:45, 22 ақпан 2018
Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
Толығырақ...
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
18:40, 22 ақпан 2018
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
Толығырақ...
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту мақсатында 7 бірдей энергоблокқа электросүзгілер орнатылды
18:34, 22 ақпан 2018
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қорш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
19:56, 16 ақпан 2018
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
Толығырақ...