ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

SHAN’YRAQ

15:41, 11 маусым 2019

Арнамыз ұйымдастырып отырған «SHAN’YRAQ» айдарын жалғастырамыз. Күн сайын сіздерге әр отбасының тарихын баяндайтын бұл айдардың бүгінгі кейіпкерлері - «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері атанған, Ахаевтар әулеті.

Киелі Баянауыл өңірнен шыққан Ахаевтар әулеті өңірімізде өткен облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері атанды. Жанат Ахаев пен Рымкеш Рамазанованың  биыл шаңырақ көтергендеріне 44 жыл толып отыр. 1 қыз, 5 ұл тәрбиелеп, 14 немере мен 4 жиенінің қызық-қуанышын көріп отырған бақытты отбасы.

Жанат Ахаев, «Мерейлі отбасы» жеңімпазы:

 «Самал деген қыз баламнан кейін, 79 жылы Ертіс деген бала дүниеге келді. 81 жылы бір ұл бала келді. Құдайдың берген 5 ұлы, 1 қызы бар.Сосын өзі, 35 жылдай мал шаруашылығында жұмыс істедік. Содан, 91 жылы, үкімет тараған кезде, ауылға көшіп келдік, Алексеевка савхозына».

Жанат атамыз 7 жасынан бастап өнерге жақын жан. Жұбайы Рымкеш апада бұл саладан алыс емес. Ауылда өтетін әр мерекеде қазақтың ұлттық аспаптар үнімен тұрғындарға әсем ән мен тәтті күй сыйлайды. Балалары да атамыздың ізің жалғаған. Айта кетсек, шығармашыл отбасы қазақтың ұлттық аспаптарын өздері меңгерген тума талант иелері.

Рымкеш Рамазанова, «Мерейлі отбасы» жеңімпазы:

Еңбек ету керек, еңбек етсен бәрі де болады. Балаларды жақсылап тәрбиелеп, өз балаларыма айтатыным тату болындар , келіндеріме, ағайынның арасы ашылады. Тату болындар, ағайын тату болса бәрі де бар. Қазір бәрі де бар ғой, барлық жағдай жасалынып жатыр жастар үшін.

Осы отбасының өмірдегі басты  арманы орындалғаны жүрекке қуаныш ұялатады. Ең бастысы бала-шағасының бақытты болашағы. Үлкен шаңырақ атанып  отырған бұл жанұя қызықты сәттерін киелі  Баянауыл жерінде бас қосуды әдетке айналдырған. Ахаевтар әулеті Павлодар облысы атынан Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынайды, ал біз өз тарапымыздан сәттілік тілейміз. 

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

«ӨРНЕКТІ ҒҰМЫР» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
15:10, 12 желтоқсан 2019
«ӨРНЕКТІ ҒҰМЫР» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...