ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

SHAN’YRAQ

19:51, 5 маусым 2019

Отан – отбасынан басталады. Ал, отбасы – әр адамның баға жетпес құндылығы. Күнделікті назарлаыңызға ұсынатын «Шаңырақ» жобасын жалғастырамыз. Әр күн сайын, мерейлі, бақытты отбасылар туралы баяндайтын боламыз. Бүгінгі кейіпкерлеріміз педагогтар династиясы.

Педагог болу оңай іс емес. Бірақ, ата жолын қуып бұл салада қызмет етіп жүргендер аз емес. Осы ретте Құлмановтар отбасын тілге тиек етсек болады. Бұл жанұядағы династия көшін ұлы отан соғысының ардагері – Құлманов Қабден Сыздықұлы бастаған. Өмірінің жартысынан көбін орыс тілі мен әдебиеті пәніне арнаған. Ал, оның ұлдары осы саланы әрі қарай жалғастыруда. Солардың бірі Қуандық Құлманов. Математика пәнінің мұғалімі.

Қуандық Құлманов, Қабден Құлмановтың ұлы:

Мен бұл салаға келгеніме еш өкінбеймін. Себебі, біздің әкей, өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнаған адам. Сондықтан біздің де педагог болуымыз заңды дүние деп ойлаймын. Біздің балаларымыз да мұғалім. Мен өзім – математика пәнінің оқытушысымын. «Ұстаздық еткен жалықпас. Үйретуден балаға», - демекші, бұл, сыны мен міні қатар жүретін жұмыс.

Қуандықтың жұбайы да осы салада еңбек етеді. Бұлардан тараған ұрпақ та ата жолын жалғауды ниет еткен. Барлығы бір саланы қамтыған отбасы мүшелері кең дастархан төріне жиі жиналады. Ұстаздық ұлы жолды бастап берген аталарына алғыстары шексіз. Себебі, ұстаз деген – бүтін бір ұрпақты тәрбиелейтін бірден-бір адам, дейді, отбасы мүшелері.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар