ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

«SHAN’YRAQ»

15:37, 14 маусым 2019

Әр жанның өмірдегі ең басты құңдылығы, өмірінің сәні де, мәні де – ол отбасы. Отбасы – әр адамның баға жетпес құндылығы. Ертіс телеарнасының жаңалықтар бөлімі «SHAŃYRAQ» айдарын жалғастырады. Күн сайын мерейлі, бақытты отбасылар жайлы айтамыз. Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз Көшкінбаевтер әулеті.

Бала отбасының байлығы. Көшкінбаевтар жанұясында 7 бала, Оның төртеуін асырап алған. Сегіз жыл бойы Рустам, Руслан, Алина және Темірлан қонақ ретінде  Красноармейкаға келіп жүрді. Бірақ үйге келген сайын олар балалар үйіне қайта оралғысы келмейтін. Сол кезде Талғат пен Айман бұл балаларды асырап алуға шешім қабылдайды.

Талғат Көшкінбаев, отағасы:

2011 жылдан бастап бұл балаларды Мичурин балалар үйінен қонақ ретінде каникул кездерінде алып жүрдік, міне 18 жылы балалар түгелі өсіп олармен ақылдасып, келіншегіммен ақылдасып, осындай шешімге келіп, балаларды өз қарамағымызға алып, негізі өзіміздің 3 баламыз бар, олар төртеу , сонымен міне 7 жан болып отырмыз. Үлкеніміз Астанада тұрады.

Айман Шұбартаева,  көп балалы ана:

Өз балаларыма алғысымды айтқым келеді. өйткені олар ешқашанда оларды бөліп жатпайды. Кішкентай қызымыз әрдайым оларды жетектеп отырады. Алина ұл сияқты болатын, үй жұмысына мүлдем қолы келмейтін. Кішкентай қызым оны да тартып, енді Алина үйді де жинауды, тамақ пісіруді, жалпы қызға тән барлық жұмысты істей алатын болды. Ол біздің көмекшіміз.

Ұл балалар уақытты көбіне әкесімен бірге өткізеді. Бірақ анаға да көмек көрсетуді ұмытпайды. 

Рустам Көшкінбаев, ұлы:

Бақшаны суарамыз, үй шаруасында да көмектесемін.

Темірлан Көшкінбаев, кіші ұлы:

Менің күнім де ағамдыкіндей өтеді. Жақында ғана менің туған күнім болды. 11 жасқа толдым. Біз далада кәуап жасап, жақсы демалдық.

Талғат пен Айман Көшкінбаевтың басты мақсаты балаларды аяққа нық тұрғызып, жақсы тәрбие беру. Болашақта қажетті маман иесі атанып, жоғары білім беру. Ал қазір бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Ең бастысы үлкен отбасы бәрі бірге. 

 

Марина САХАРОВА, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...