ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ

19:22, 14 маусым 2019

«Серпін» бағдарламасы аясында өңірде 328 студент білім алып жатыр. Олардың жұмыспен қамтамасыз етілуі басты назарда. Аграрлық мамандықты тәмәмдаған бір топ жас маман Успен ауданы Галицкое ауылына қызметке орналасқан.

«Серпін» бағдарламасы аясында білім алуға келген жастардың бірі Нұркен Талғатұлы. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы. Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінде механизатор мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда Успен ауданына қарасты Галицкое ауылындағы жеке кәсіпкерлікте мамандығы бойынша еңбек етіп жүр. Болашақта ата-анасын да көшіріп алуды жоспарлап отыр.

Нұркен Талғатұлы, жас маман:

Оқу бітірген соң осы жақта жұмысқа қалуға міндеттімін. Және де осы жақта қалдым. Осы Галицкое ауылында жұмыс істеп жатырмын. Бір жарым ай болды. осы жаққа жақында, екі күн болды, пропискаға тұрдық. Павлодардың адамы болдық. Осы жаққа ата-анамды алып келсем деген арман бар. Ол кісілер осы жаққа келгісі келмейді бірақ. Туған жерді тастағысы келмейді.

Ауылға келген 7 маманның 3-і агроном, 4-і механизатор. Барлығы да баспанамен қамтылған. Жұмыс кестесі де ыңғайлы. Енді, тек, тер төгу керек. 

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

 «Серпін» бағдарламасы бойынша Успен ауданына қарасты Галицкое 7 жас маман келген. Олар қазіргі таңда, ауылшаруашылығының дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Аталмыш ауданға келген жастарға жағдай жақсы жасалған. Болашақта осы аймақта қалып, өздерінің кәсіптерінен нәсіп көруді көздеп отыр.

Галицкое ауылы аспа төк астығымен және өндіретін сүтімен танымал. Жұмыс істеймін деп келген адамның екі қолына бір күрек табылады, - дейді, ауыл әкімі.

Вячеслав Семоненко, Новопакров ауылдық округінің әкімі:

Біздің ауылдық округке жақын арада 7 жас маман жұмысқа келді. Олар өз мамандықтары бойынша қызметке орналасты. Қазіргі уақытта жас мамандарға арналған пәтерде тұрып жатыр. Алдағы уақытта отбасын құрамыз дейтін болса жеке баспана беретін боламыз. Ол уақыттың еншісінде.

«Серпін» бағдарламасы Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері жұмыс жасайды. Жобаның басты мақсаты – еліміздің оңтүстігіндегі еңбекке қабілетті жастардың солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерден жұмыспен қамту. 

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ
19:48, 6 желтоқсан 2019
ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
12:24, 30 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...