ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

«САЯСИ КОММУНИКАЦИЯЛАР» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

10:39, 18 ақпан 2020

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Үкіметпен бірлесіп – өңірлік бағдарламаларды дайындауда қарқынды жұмыс жасауда. Ол үшін нұротандықтар үлкен аудиторияның алдында еркін сөйлеп, тақырып бойынша диалог құра білуі тиіс. Осы орайда «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері мен басшыларына арналған «Саяси коммуникациялар» атты семинар болып өтті.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында   «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері мен басшыларына арналған тренинг өткізілді. Семинардың басты мақсаты – партия ұйымдарының басшыларын қол жетімді және нақты жеткізе білуге, коммуникация дағдыларын үйретуге бағытталған. Семинарға бизнес-тренерлер Жәнел Сариева мен Ермек Дүйсенханов басшылық етті. Олар өз кезегінде жиналғандармен – пайдалы әрі тың ақпараттармен бөлсті.

Ақмарал Қадырбаева, «NUR OTAN» партиясының саяси менеджмент мектебінің кеңесшісі:

Тренинг-семинардың өзі «Саяси коммуникациялар» деп аталады. Бұл бірінші басшылар коммуникациялар дағдыларын үйреніп, тұрғындармен тез қарым-қатынасқа түсу мақсатында ұйымдастырылды. Басшыларда мақсатқа жету қасиетін  жетілдіреміз. Осылайша партия жұмысы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, семинар-тренинге бастауыш партияның 100-ге жуық белсенді мүшесі қатысты. Алған ақпарат пен кеңестерді қатысушылар енді өз тәжірибесінде қолданбақ.

Бауыржан Бекмырзаев, семинарға қатысушы:

Бұл жерде айтылып жатқан тілдесу манерасы, сөз сөйлеу әдіс-тәсілдерін қолдану технологиясы бар. Шығып халық алдында сөйлеу, сол жақтарына үйретті. Бұл бізге керек, халықтың арасында жүрмегендіктен, бізге қиынға соғады сөйлеуге.

Партия мүшелерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге бағытталған семинар осыған дейін Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды шаһарларында өтті. Осы ретпен республикамыздың барлық өңірлерінде өтеді деп жоспарлануда.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...