ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

САРЫАРҚАДА ЖАҢА ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

20:08, 3 шілде 2020

Елорда күніне орай Сарыарқа мөлтек ауданында тағы бір тоғызқабатты үй қолданысқа берілді. Құрылысы өткен жылы басталған үй 72 пәтерлі.

Бірнеше жыл кезекте тұрғандар мен банк шотында ақша жинағандардың қуанышында шек жоқ. Бүгін олар су жаңа пәтер кілттеріне ие болды.  Қоныстанушыларды шаһар басшысы Қайрат Нүкенов құттықтады.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Қазіргі уақытта әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударуда. Міне бүгінгі үйдің ашылуы біздің тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі. Шаңырақтарыңыз әрқөашан жақсылыққа толсын. Барлықтарыңызға ырыс, бақ, береке тілеймін.

Баспана кілтіне ие болғандардың қатарында Ардақ Қанафина да бар. Ол Ленин кенті №31 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 5 жыл бұрын «Тұрғын Үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, өз баспанасына ақша жинаған. 

Ардақ Қанафина, Ленин кентінің тұрғыны:

2015 жылы аштым. Үш жыл бойы тер төккен еңбегіммен жинадым. Осының арқасында осындай бүгін жетістікке жетіп тұрмын. Осындай үй алып жатқан адамдарды құттықтаймын. Қоныстарыңыз құтты болсын. Үйлеріңіз шаттықа бақытқа тола берсін. Қазақстанымыз көркейе берсін.

Пәтерлер кең, әрі жарық. Тұрғындардың еш алаңсыз тұруына  барлық жағдай жасалған. Айта кетейік, көпқабатты үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.

Самал Қалиқызы, тілші:

Ескі екі қабатты үйдің орнына мынадай зәулім тоғыз қабатты үй бой көтерді. Оның құрылысы 2019 жылы басталды. Мұндағы 72 пәтер әкімдікте кезекте тұрғандар мен ТҰҚЖБ шот ашқандарға берілді.

Асығат Ахметов, Павлодар қаласы қаржы бөлімі басшысының орынбасары:

Отыз бірінші үй 72 пәтерлі. 18 пәтер 2 бөлмелі, 18 пәтер 3 бөлмелі, 36 пәтер 1 бөлмелі. Жалпы 72 пәтерден 27 адам бұл кезекте тұрған азаматтарға табысталады.

Облыс орталығында баспанамен қамту бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Екіқабатты көне үйлердің орнына жаңа зәулім үйлердің тұрғызылғаны көз қуантады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар