ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

11:27, 21 қаңтар 2020

Павлодарда Ұлттық гвардияның 120-дан астам жас жауынгері Отан алдында ант қабылдады. 6679 әскери бөлімі Қазақстанның үш өңірінен келген жас сарбаздармен толықты.

Әскери ант қабылдау рәсімі саптық алаңда салтанатты түрде өтті. Отан алдындағы борышын  өтеуге  еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген. 120-дан астам әскери қызметші ант қабылдап, үлкен жауапкершілікке ие болды.

Ғалымжан Шарапатов, қалалық ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Сарбаздар бүгін ант алып жатыр. Әрине, ол өте ерекше күн бәрімізге. Әскери атты ер адам өмірінде бір айтатын нәрсе. Міне, ата-аналары келіп жатыр.

Ант қабылдап, әскер қатарына қосылғандардың бірі Азат Хамитов. Ол Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан келген. Отан алдындағы борышымызды өтеу әр ер азаматтың парызы дейді.

Азат Хамит, сарбаз:

Барша елімізге аманшылық, дендеріңізге саулық ұлы Б.Момышұлы атамыз айтқандай, тәртіпке бағынған құл болмайды деген қағиданы ұстана отырып өзіміздің әскери анттық борышымызды атап өтуге елімізге, жерімізге амандық тілейміз.

Марал Төлеуханова ұлының ант беру салтанатына арнайы келді. Өтйкені, ана жүрек баласы үшін қашанда алаңдайды. Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздға отбасы әрқашан қолдау білдіреді.

Марал Төлеуханова , ата-ана:

Баламыздың азаматтық борышын өтеп жатқанына қуаныштамыз. Халық іргесі аман болсын! Аман есен отан алдындағы борышын өтеп, ауылдарына оралсын деймін. Осындай әскери қатарына келіп, міндеттерін өтеп осындай жерде тәлім-тәрибе алуларына шақырамыз.

Шараға жиналғандар, азаматтық борышын адал атқарып, елге аман оралуға тілектестік білдірді. Ант қабылдаған жастарды алда жауынгерлік қызмет күтіп тұр.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар