ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

САПАРБАЕВ БАЛАҚАЙЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:06, 3 маусым 2019

Сенбі күні түстен кейін Бердібек Сапарбаевтың іс сапары Екібастұз қаласында жалғасты. Министр алдымен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, кеншілер қаласында жаңадан ашылған №27 «Еркем-ай» бөбекжай-балабақшасына барды.

Екібастұз қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті №2 мектептің базасында «Дара» қайырымдылық қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлескен жұмысының арқасында ашылды. Жобаның ққұны 52 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражатқа барлық 9 кабинет қажетті жиһазбен, дамыту құрал-жабдықтарымен, ойыншықтармен және әдістемелік әдебиетпен жабдықталған. Бұдан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі №27 «Еркем-ай» балабақшасына барды. Тек мемлекеттік тілде білім беретін мекемеге кеншілер қаласына көшіп келген отбасылардың балақайлары барады. Олар да мәртебелі мейманды тақпақпен қарсы алды. 150 балаға арналған бөбекжайда алты топ бар. Мұнда ағылшын және зияткерлік дамыту кабинеттері бар. Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай келген минстрді №27 бөбекжайдың өнерпаз балғындары тіптен тәнті етті.

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар