ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛУЫ ТИІС

19:02, 11 шілде 2020

Облыста коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын тіркеліп жатыр. Вирустық инфекцияны жұқтырғандардың басым бөлігі, Павлодар қаласында анықталған. Ал, Екібастұз қаласында covid-19 індетінің 295 жағдайы тіркелген.

Өкінішке қарай, аймағымызда вирустық инфекцияны тұрғындар күн санап жұқтыруда. Мұның себебін, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев - санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауымен болып деп түсіндірді. Сovid-19-бен науқастанғандардың басым бөлігі Павлодар қаласында тіркелсе, екінші орында Екібастұз шаһары тұр.

Батырбек Әлиев, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Бізде екі апталық карантин енгізілді. Мониторингтік топ жұмыс жасап жатыр, бақылап жатыр. Осыған қарамастан ауырғандардың саны артуда. Оны санитарлық талаптарды, карантиндік шараларды сақтанбаудың салдарынан деп ойлаймын.

Аптаның басынан басталған карантиннің нәтижесін айту әлі ерте деді, бас санитарлық дәрігер. Статистика бойынша КВИ-мен ауырғандар санының азайғаны байқалмайды. Осы ретте, тұрғындар қауіптің әлі де сейілмегенін сезіну керек. Батырбек Әлиев, сондықтан сақтану ережелерін ұстану керектігін айтты.

Батырбек Әлиев, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Павлодар облысының тұрғындарына айтылған талаптарды ұстануға шақырамын. Ол сіздің, туған туысқандарыңыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Сақтану шараларын бәрі біледі, қоғамдық көлікте маска тағу, әлеуметтік ара қашықтықты сақтану, отбасылық мерекелік іс-шараларды өткізбеу.

Бүгінгі таңда облыста 751 ауру ошағы анықталды. Олардың барлығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, аумақтар дезинфекциялық топпен өңделді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...