ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАҒА ӨЗГЕРІС ЕНДІ

14:18, 11 қаңтар 2019

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, салық және кедендік заңнамаға өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтың бірі жеке тұлғалар үшін ең төменгі мөлшердегі жалақы алатын азаматтарға қатысты болмақ. Елбасының тапсырмасы бойынша биылдан бастап елімізде ең аз жалақы мөлшерін жоғарылату қарастырылған.

Жалақысы төмен тұрғындардан ұсталатын жеке табыс салығының мөлшері де төмендейді. Яғни, төмен жалақы алатын қызметкерлердің айлығынан ұсталатын табыс салығы 10 пайыздан 1 пайызға азаяды. Мұндай салықтық жүктемені төмендету тек, 25 АЕК- аз алатын азаматтарға қатысты болмақ. Биыл 1 АЕК  2525 теңгені құрайды.

ИНДИРА ӘБІЛЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген жаңашылдықтардың бірі бұл – ең төменгі мөлшердегі жалақының өсуі. Жалақысы төмен тұрғындардың  ұсталатын жеке табыс салығының мөлшерлемесі төлендетіледі.  Яғни, бір сөзбен айтқанда бұдан былай, еліміздегі әрбір азамат айына 2500 теңгеден, жылына 30 мыңнан астам теңгесін үнемдеп, өз қалтасында қалдырады деген сөз.

Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар үшін салық төлеу тәртіптерін жеңілдету мақсатында Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем жаңа режимін енгізу ұсынылуда.

ИНДИРА ӘБІЛЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Оған төрт салық түрі кірмек. Ол – жеке табыс салығы, зейнеткерлік қорға төленетін міндетті төлемдер, медициналық сақтандыру қорлары, әлеуметтік сақтандыру. Яғни, бірыңғай жиынтық төлемді, еліміздегі жеке тұлғалар өз жеке шаруашылығымен айналысатын және өз қызметтерін жеке тұлғаларға көрсететін, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін қолданбайтын азаматтарға арналған.

Сондай-ақ, жыл басынан бастап, мемлекеттік шекара арқылы жүк өткізу нормалары да жеңілдетілмек.

ИНДИРА ӘБІЛЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Жаңа ережелерге сәйкес автомобильмен, темір жол көлігімен және теңіз көлігімен соммасы 500 еуроға және салмағы 25 келіден аспайтын тауарлар кедендік салықсыз өткізіледі.  Егер бұл мөлшерден асатын болса, азаматтар салықты тауар салмағының әр келісі үшін 4 еуро төлейді.

Заңды тұлғаларға қатысты өзгерістерге тоқталсақ. Бұл – салықтық амнистия, яғни салықтық рақымшылық. Елбасының тапсырмасымен шағын және орта бизнес үшін негізгі салықты төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастау қарастырылмақ.

Автор: Зұлқарнай Ермұратұлы. Таспагер: Анатолий Классен.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
21:47, 18 қаңтар 2019
ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...