ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ

18:56, 13 тамыз 2019

Ертіс өзенінде тыйым салынған жерлерде шомылу жағдайы көбейіп барады. Ол жердерде балалар ата-ана қарауынсыз қалатындығы да байқалады. Усолка мөлтек ауданы жағалауында 9 тамыз күні екі жасөспірім суға кете жаздаған. Алайда 13 жастағы оқушы қыз екі баланы құтқарып қалды.

Өзен жағалауында 13-16 жас аралығындағы 10-ға жуық жасөспірімдер ересектердің бақылауынсыз демалды. Солардың бірі, 2006 жылғы бала шомылу кезінде суға кете жаздаған. 2004 жылғы туған жасөспірім құтқаруға жөнелген. Бірақ өзінің шамасы жетпей, ол да батып кетуге шақ қалған. Жағалауда демалып жатқан ер адам уақытында балаларға көмекке келіп, оларды жағаға шығарды. Осы кезде жас құтқарушы балаларға дер кезіңде алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:

Жағажайда сол маңайда тұратын №42 мектепте оқитын оқушы, 13 жастағы қыз сол жерде реанимациялық шаралар жасап, балаларды аман алып қалды. Енді №42 мектепте оқитын оқушы ол жас құтқарушы клубына кіреді. Усолка су айдынында тұрған құтқарушы бекетіне жыл сайын келіп жаттығады.

Тағы бір оқиға сол күні орын алды. Құтқару басқарма пультіне Усолка жағалауында екі адамның тыйым салынған жерде шомылып, қайғылы жағдайға тап болғандығы туралы қоңырау түскен.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары: 

Жағалауда екі адам спирттік ішімдік ішіп отырған. Олардың бірі жүзуді жөн көріп, суға түседі. Бірақ тыйым салынған жерге дейін барып, бата бастаған. Жолдасы су бетіндегі досын көріп, дереу оны жағаға алып шыққан.

Шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға кеткен. Оның 9-ы жасөспірімдер. Барлық жазатайым оқиғалар тыйым салынған жерлерде шомылу салдарынан орын алған. Ертіс өңірінің тұрғындарына суда шомылу қауіпсіздігі туралы үнемі ескертіліп отырса да, бұл көрсеткіш азаймай тұр.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...