ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

РИО «ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ» ШЫҚТЫ

20:00, 25 маусым 2020

Ұзақ жылдары бойы полицияның сенімді серігі болып, талай қылмыстың бетін ашуға көмектескен РИО есімді қызметтік ит демалысқа жіберілетін болды. Қазір оның құжаттары әзірленіп жатыр.

8 жыл бойы тәртіп сақшыларының сенімді серігіне айналған Рио күшік кезінен үйретіліп, түрлі қылмыстарды ашуға көмектесті. Ол көбінесе есірткі заттарын тәркілеуге шебер болды.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Лақап аты «РИО» қызметтік ит өзінің міндеттерін 2014 жылдан бастады. Алты жыл уақыт ішінде 200-ден аса қылмыстың бетін ашқан. Қазір сегіз жаста. Енді ол лайықты зейнет демалысына шығады.

Төрт жыл бойы бағып қаққан төрт аяқты досымен қоштасуға Талғат Әубәкіровтің ойы жоқ еді. Бірақ Рионың қартайып қалғаны байқалады. Бұрынғыдай алғыр болмағанымен әлі де иіс сезу қабілеті жоғары.   

Талғат Әубәкіров, кинолог маман:

Иттің жасы келді. Алайда иіс сезу қабілеті бар. Жұмыс істейді. Бірақ бұрынғыдай емес. Жұмыс барысында шапщаң, белсенді деп айтпаймын. Асықпайды. Алайда дәл, іздегенің тауып, қылмысты ашып береді. Негізінде, иттер тек қызметті бастаған мамандармен ғана жұмыс істейді.

Рио өзінің бұрынғы әріптесі Нұр-сұлтан қаласында қызметтегі Ернұр Әмірхановтың қасына барады. Қазір барлық құжаттары дайындалып жатыр. Ал, өткен жылы біздің облысқа қызметке жаңа ит алынбаған.

Қуанышбек Қабжанов, облыстық кинологиялық қызмет орталығының бастығы:

2019 жылы жоспарда болған жоқ. 2020 жылға да жоспарда жоқ. Өйткені облыс бойынша 36 ит бар. Оның 24-і қалада жұмыс істейді. Қалғандары аудандық бөлімдерде жұмыс істейді. Екібастұз қаласында, Ақсу қаласында.

Жыл басынан бері полицияның төрт аяқты көмекшілерінің көмегімен 160 астам қылмыс ашылған. Қазір облыста 36 ит із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша тәртіп сақшыларына көмек көрсетіп жүр. 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар