ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Қазақстандық жауынгерлер жайында Ресейден тың деректер табылды

14:13, 17 мамыр 2017

Павлодарда құрылған «Поиск» патриоттық клубы әйгілі Панфилов дивизиясы соғысқан майдан даласында болып қайтты. Топ мүшелері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер жайында тың деректерді тапты. Алыс сапардан оралған жерлестерімізбен тілшіміз сұхбаттасып қайтты.

Екінші дүниежүзілік соғыстың 72 жылдығына орай «Поиск» патриоттық клубы Ресейге аттанды. Биыл іздестіру жұмыстары Новгород облысының Старорусск ауданында өтті. Дәл осы жерге 1942 жылы Панфилов дивизиясы жіберілген болатын. Экспедиция қатысушылары көптеген әскери заттарды тауып қана қоймай, қазақстандық  жауынгерлер жерленген бауырластар зиратын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді. Дәл осы қабірде Кеңес Одағының батыры, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Төлеген Тоқтаров жерленген болатын. 

НИКОЛАЙ БОЙКОВ, техникалық-экономикалық колледждің АӘД оқытушысы

Экспедицияның жас қатысушылары ерекше, ұмытылмастай әсер алғанын айтуда. Олар сұм әрі суық соғыста жауынгерлер қолданған заттарды өз қолымен ұстап көрді. 

АЛЕКСЕЙ ЗУЕВ, «Поиск» патриоттық клубының мүшесі 

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қол жеткізу үшін қаншама жандар өз өмірлерін қиды. Мыңдаған адамның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз қалғаны рас. Кей жауынгерлердің жерленген жері бүгінге дейін жұмбақ болып қалып отыр. Осы орайда боздақтар жайлы қандай да ақпарат табу үшін павлодарлықтар барынша тырысып бағуда.

Автор: Салтанат Нысанбекова

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...