ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

«QAZAQDOMBYRA» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ

10:44, 30 маусым 2020

Елімізде 2018 жылдан бері Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Осы ретте биыл Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі #qazaqdombyra хэштегімен «Қасиетті қара домбыра» челленджін бастады.

Қадыр Мырзалиев жырына қосқандай «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Талай тарих толқынынан өтсе де қазақтың қара домбырасы өзінің қадір-қасетін жоғалтпаған. Керісінеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен шілде айының алғашқы жексенбісі домбыра күні деп жарияланып, «Рухани Жаңғыру» бағдараламасы аясында мектеп оқышыларына домбыра кабинеттері жаппай ашылды.

Алма Арынова, Қ. Әбусейітов атындағы мәдениет-сауық орталығының меңгерушісі:

Күмбірлетіп күй төгіп, асқақтатып ән айтып, асылынан артық көріп, жалғызындай аялап, үкі тағып, қастерлеген ең қымбат аспаптарының бірі. Осыған байланысты, осындай төл мерекемізде домбыраның ұлттық күніне үлкен челлендж жарияладық.

Челленджге түрлі сала мамандары қатыса алады. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Қазағымның қара домбырасы, алтын қазынасын жанына серік еткен, жүрген жерінде күмбірлетіп күйден шашу шашқан өнерлі жандардың  бейнежазбалары madeniet_pavlodar әлеуметтік парақшасында жариялайды. Айта кетейік, шараға еліміздің түкпір-түкпірінен, ауыл-аймақтарынан қатысуға болады. Бұл жолғы челленжді күй додасының төрінде жүрген жерлесіміз тұсауын кесті.

Ерасыл Әділбеков, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының магистрі:

Домбырамызды әрдайым қадірлеп жүрейік. Шетелдің жеңіл-желпі музыкасын тыңдағанша, оннан көрі өзіміздің күйлерімізді домбыраның қаншама әдемі әуендері бар, соларды тыңдап, бір-бірімізге насихаттап, белсенді болып жүрейік ағайын.

Челленджге қатысу үшін #qazaqdombyra хэштегімен әлеуметтік желідегі парақшаңызға жарияласаңыз болғаны. Өтініш білдіргендер бар. Табиғаттың үнін, тұлпардың дүбірін, адамның сырын шынағынан төгілткен домбыра. Алты алаш қуанышын да, қайғысын да осы домбыраның күмбірлеген күйімен жеткізген. Сондықтан, ата-баба дәстүрі ұлттық аспап мәңгі жаңғыра бермек.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
11:23, 15 шілде 2020
АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар