ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

QAMQORLYQ

19:08, 9 қазан 2019

Қамқорлық» айлығы мұқтаж жандармен қатар, қарт-қарияларға да қолдау көрсетеді. Өйткені олардың өмірлік тәжірибесі мол. Барлығы лайықты еңбек демалысында. Кітап жазып шығару көптің қолынан келе бермейтін іс.

Кездесуіміздің алғашқы сәттерінен Алла Леонидовна түсірілім тобын өз энергетикасымен таң қалдырды. Тәжірибесі мол педагог екендігі әдемі дауыс ырғағы мен сауатты сөйлеуінен байқалып-ақ тұр. Павлодар педагогикалық институтында білім алып, биология мұғалімі мамандығын тәмәмдаған.  Ол жарты ғасырға созылған кәсіби жолды өткерді.

Алла Черепанова-Альперович, ардагер ұстаз:

Институтты аяқтай салысымен,  бірден жұмысқа кірістім. Мен Ақсу ауданындағы Жамбыл орта мектебінен кәсіби жолымды бастадым. Бұл мектепте 27 жыл қызмет теттім.

Көптің ойында өз мамандығына ғашық болған ұстаз, қамқор сынып жетекші ретінде есте қалды.

Алла Черепанова-Альперович, ардагер ұстаз:

Мен қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аяоау мақсатында биологиялық музей аштым. Содан кейін мені ректор педагогикалық институтка жұмысқа шақырды. Мен келістім.

Тіпті қиын кезеңдерде  Алла Леонидовна кітап жазудан жұбаныш табатындығын мойындайды.  Жұбайы мен қызының өмірден өтуі ол үшін үлкен соққы болған.

Алла Черепанова-Альперович, ардагер ұстаз:

Сол кезде мен кітап жазуды бастадым. Ең бірінші кітабым «Здоровое поколение – здоровая нация» деп аталды. Екінші кітабым ұстаздық жолыма арналды. Ал үшінші кітабым министрліктің рұқсатымен колледж студенттеріне әдістемелік кітап ретінде шығарылды.

Алла Леонидовна Ғазиз Байтасов атындағы республикалық жас инспекторлар қозғалысына қонақ ретінде қатысып,  «Жол қозғалысының жас инспекторы» кітабын шағарды. Бұл оның төртінші туындысы. 2011 жылы Таразда лаңкестерді ұстау кезіңде қаза тапқан полицейге өзінің кезекті еңбегін арнады. Бес жыл ішінде автор Қазақстанды шарлап, батырдың туған жерінде болып, оның жақындарымен кездесті. Кітап осы жылдың қаңтар айында жарық көрді. Қазір Алла Леонидовна жалғасын шығаруға дайындық үстінде. Атап өту керек, автордың әдістемелік қүралдары орыс тілінен қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ, басқа тілдерді меңгеру жоспарында бар. Оған оның досы көмек берген.

Алла Черепанова-Альперович, ардагер ұстаз:

Есімі Джоу. Ол мені қытай тілін жетік меңгеруіме көмектесіп жатыр. Маған түрлі тәсілдер арқылы тіл үйретеді.

Алла Леонидовна Саратов қаласында дүниеге келді. Бірақ, әкесі әскери қызметші болғандықтан бір жерде тұрақтамаған. Ол Қытай, Өзбекстан, Молдавия жане Украинада өмір сүрді. Ал Қазақстанда 60-шы жалдардан бері тұрады. Бүгінгі күні ерексек ұлы, келіні және үш немересі бар. Алла Леонидовна ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері. Өзінің 77 жасында талай асуларды бағындыруға дайын. Екі жыл бұрын жүргізуші құқығына ие болып, арманы орындалған. Ал, жақын арада қытай провинциясы басшысының арнайы шақыртуымен, Харбин қаласына жолға шықпақ.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА, Дария ЖҰМАБЕКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...