ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: «5-10-20» БАҒДАРЛАМАСЫ

15:34, 22 мамыр 2020

Павлодар облысында тұрғын үй алу кезегінде 27 мың адам тұр. Оның 15 мыңы – көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты аналар. Баспана жетіспеушілігін азайту мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкіметке «05-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.

«5-10-20» бағдарламасы «Нұрлы жер» жобасының жаңа бағыты. Баспанаға мұқтаж адамдарға төлемдік сұранысын қолдау үшін Үкімет 390 миллиард теңге бөлуді мақұлдады. Бағдарлама шарты бойынша 5 пайыздық мөлшерлеме арқылы - жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Кезекте тұрған адамдар 10 пайыз алғашқы жарнасын салып, 5 пайыздық мөлшерлемемен құрылысы енді аяқталып, пайдалануға берілген үйді ала алады. Қазіргі уақытта бағдарламаның құжаттары пысықталуда.

Асхат Ахметов, қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары:

Бағдарламаға жолдау хат берілгеннен кейін, олар «тұрғын үй құрылыс банкіне» барып, төлем қабілеттілігін тексеріп, рұқсатнамасын алғаннан кейін үй іздеуге мүмкіндік беріледі. Банк өз тарапынан рұқсат бергеннен кейін азамматтар үй іздеуге құқылы.

Жаңа жобаның қазір шарттары талқыланып жатыр. Баспананы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысу үшін табыс көзі отбасындағы жан басына шаққандағы 101 271 теңгеден мың теңгеден аспауы керек.

Мақсат Отыншин, «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ ПОФ 1-санаттағы маманы:

Қазір 1 күн көрінісінің минимумы 32 668 болады. Сонда оны 3,1-ге көбейтеміз, сонда 101 271 теңге шығады. Бір адам басына. Сонда жалпы, отбасыға 303 813 теңге болады.

Несие Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады. Пилоттық жоба ресми іске қосылған кезден бастап категорияға кіретін азаматтар қатыса алады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...