ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ

15:38, 22 мамыр 2020

Коммуналдық қызметтер үшін берілетін өтемақыға осы күндері өңіріміздің 23 мың тұрғыны өтініш берген. Оның онбес мыңы өңделіп, қазір төлемдер жіберілуге дайын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, төтенше жағдай кезінде тұрғындардың коммуналдық төлемдер ақысының сомасын азайту мақсатында жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге тапсырма берген еді. Осы орайда облыста әкімдіктерде колл-орталық жұмыс істеп, қалалар үшін сайт іске қосылды.

Талғат Испулов, ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысының орынбасары:

Осы сайттарға, колл орталыққа келіп түскен өтініштер, коммуналдық кәсіпорындарға дербес шоттарын, төлеу сомаларын нақтылау үшін жіберіледі. Одан кейін мәліметтер әкімдікке жіберіледі. Олар төлем жасайды. Бүгінде 23 мың өтініш түсті. 15 мыңы өңделді, төленуге дайын.

Ал, бұл өтініштерді электронды түрде қабылдайтын сайт.  Бүгінде оған өңір тұрғындарынан тек сайт арқылы 12 мың өтініш келіп түсіпті. 80 пайызы өңделген, төленуге әзір.  Бір әттегенайы, сайт тек ресми тілде жасалған. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ.

Талғат Испулов, ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысының орынбасары:

Сайт мамырдың басында жасалды. Одан кейін ол бірнеше рет өзгертілді. Кері байланыс бойынша да ұсыныстар түсіп жатыр. Ал, мемлекеттік тіл бойынша ескерту қабылданды. Жасаушыға бұны қарастыруды ұсынамыз. Бірақ қазір сайттың жұмысын тоқтату мүмкін емес, өтініштер келіп түсуде.

Естеріңізге салайық, коммуналдық төлемдер үшін берілетін 15 мың теңгені 7 санаттағы тұрғындар ала алады. Жалпы, аймақта осы жеті категорияға жататын 51 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың 35 мыңы қала тұрғындары. Төлемдер екі айға беріледі. Қазіргі таңда коммуналдық төлемдерді өтейтін қаражат республикалық бюджеттен түсті. Қала мен аудардардың әкімдіктеріне жіберілді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...