ШҰҒЫЛ! ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ЕР АДАМ КОЛОНИЯДАН ҚАШЫП КЕТТІ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ИІСШІЛ ИТТЕР ҚЫЗМЕТКЕ АЛЫНДЫ

19:55, 6 қараша 2018

Полиция қызметіне иісшіл иттер қызметке алынды. Кинолог жануарлар оқиғаның ізін суытпай көптеген қылмыстың бетін дер кезінде ашуға көмектеспек. Сол себепті төрт аяқтылар облысымыздың бес ауданынына тәртіп сақшылары қатарына жіберілді.

Қоғамдық тәртіпті күзетуге арналған иттер жасы, түсі, дене бітімі мен тұқымы жағынан әр түрлі. Атап өту керек, полиция қызметіне тек қана асыл тұқымды жануалар ғана алынады. Төрт аяқтылар есірткі және жарылғыш заттарды анықтауда алдына жан салмайды. Қылмыскердің ізіне түссе, таппасқа амал қалдырмайды.

ҚУАНЫШБЕК  ҚАБЖАНОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.

«Рио» иті «Ертіс» бақылау-өткізу пунктінде қызмет етеді.  Төрт аяқты жануар 10 айдың ішінде 30 құқықбұзушылықты анықтаған.

Бельгиялық овчарка Гектор – бригаданың шабуылдаушысы. Бұл төрт аяқты әзірге қылмыскерлерді ұстап көрген жоқ. Алайда жаттығуларға күнделікті қатысады. Кинологтар қызметіне одорология атты жаңа жұмыс бағыты енгізілмек. Иттің бірегей иіс сезгіштігі криминалистердің де қызметінде кеңінен пайдаланылатын болады.   

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН, Гүлмира БАҚТИЯРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ
10:40, 16 қараша 2018
«МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ «ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
17:14, 12 қараша 2018
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ «ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ ШЫҒ...
Толығырақ...
ЖАС АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАР АРАЛАС ЖАПЫРАҚ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
16:50, 13 қараша 2018
ЖАС АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАР АРАЛАС ЖАПЫРАҚ» АТТЫ Ш...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 373 АДАМ ОРНАЛАСТЫ
17:10, 12 қараша 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 373 АДАМ ОРНАЛАСТЫ
Толығырақ...