ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР 76 ҚАП АРТЕМИЯ ШАЯНДАРЫН ТӘРКІЛЕДІ

12:39, 14 қыркүйек 2018

Ертіс ауданының полицейлері артемия шаяндарын заңсыз жолмен тасымалдаушылардың жолын кесті. Тәртіп сақшылары Ертіс ауданынан шыға беріс жолда жүк көлігін тексеріп, одан 76 қап артемия құрттарын тәркіледі.

Артемия аулаушылармен күрес әлі де жалғасуда. Заңмен тыйым салынса да, бағалы шаянды астыртын жолмен шетелге асырып жүргендер баршылық. Бұл жолы тәртіп сақшылары Ертіс ауданының жолында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 49 жастағы тұрғыны басқарған «ГАЗ-53» маркалы автомашина тоқтатады. Күдікті көлікті тексеру барысында оның жүк тиегішінен 76 қап артемия құрттары табылады. Осы  факті бойынша ҚР ҚК 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс аумағы бойынша СҚО ІІД-ге жіберіледі.

АЗАМАТ ИСЕЕВ, облыстық ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полиция инспекторы

Қазір бұл артемияны аулаған адамдардың кімдер екені анықталуда. Жүргізуші шаянды тек тасымалдадым дейді. Ол бұл құрттарды Солтүстік Қазақстан облысының Теке көлінен әкеле жатқанын айтты. Қазір тергеу жұмыстары басталды.

 

Қуандық ТАНАБАС

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ӨНЕРЛІ ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
20:11, 25 қыркүйек 2018
ПАВЛОДАРДА ӨНЕРЛІ ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
15:25, 21 қыркүйек 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
19:46, 20 қыркүйек 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
20:05, 19 қыркүйек 2018
ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
20:24, 25 қыркүйек 2018
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...