ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ПИК-КЕ ШАҒЫМДАНҒАН ТҰРҒЫНДАР ТІЛШІЛЕРДЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

19:27, 15 наурыз 2019

Ашық-шашық электр жүелері, бекітілмеген сымдар, шатырдан аққан су, ал, айналада дымқыл ауа. Мир көшесі 60/1 мекен жайындағы үйдің тұрғындары әкімдік пен пәтер иелері кооперативінің табалдырығын тоздырғалы қашан. Көмекке мұқтаж жандар ERTIS телеарнасының жаңалықтар бөліміне хабарласты. Арна тілшілері тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайына қанықты.

Жарты жыл бұрын электр желісінің тұйықталуынан Мир көшесіндегі 60/1  үйінде өрт болып, салдарынан біраз тұрғын зардап шеккен. Сол кезде тұрғындар өз күштерімен электр қорғанышын жөнге келтірген. Жуырда оқыс оқиға тағы да орын алды. Бақытқа қарай, өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, адамдар аман қалды. Төбедегі қар еріп, шатырдан аққан су оқшауланбаған қалқанның ішіне еніп, содан тұтанған.

Гүлнәр Жүнісова, Мир көшесі 60/1  үйінің тұрғыны

Әр түнді адамдар үреймен өткізеді. Түнгі уақытта электр желісінің тұйықталу қайталанса, тұрғындардың жайы не болады? Тұрғын үйде қарт жандар мен кішкентай балалар көп. Өрт шыға қалған жағдайда оларды жылдам қауіпсіз жерге шығарып үлгеру мүмкін емес. ПИК өкілдеріне қанша шағымданса да еш нәтиже жоқ. Биліктен де назар аударған ешкім жоқ, дейді тұрғындар. Қолдағы құжаттар, мемлекеттік мекемелерден көмек көрсетуді талап еткенмен, жұмыс нәтижесіз.

Бақытгүл Базылова, Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы

Бұл жағдайда, оның ішінде шатырды, электр желілерін, инженерлік желілерді жөндеу меншік иелері есебінен жүзеге асырылады, сонымен қатар, бүгінгі таңда  «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша, мемлекет есебінен тұрғын үйді жөндеуге қаражат бөлініп, кейін ақшаны мемлекетке қайтарады.

Егер жергілікті тұрғындар үйлерінде тәртіп пен тазалық сақталғанын қаласа, ПИК өкілдерімен бірге жұмыстың алға басуына көмек көрсету керек. Ал, екі жақ бір келісімге келе алмаса, жөнге келтіру қиынға түседі.  Сонымен қатар,  ПИК өкілдерінің жұмысына қанағаттанбаса, өзгертуге құқылы екенін әкімдік те айтып отыр. Ол үшін тұрғындар қаланың тұрғын үй инспекциясына хабарласып, басқа қызметтік ұйымды таңдауы керек.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар