ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КҮНІН АТАП ӨТТІ

22:46, 11 қаңтар 2019

Павлодардағы «Достық» концерт залында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан күні аталып өтті. Ұлттық Ұлан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасының бұйрығымен құрылған болатын. Салтанатты шарада бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттармен және төс белгілермен марапатталды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық ұланды жасақтау жөніндегі бұрыққа қол қойғанына да 27 жыл толды. Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан ел Армиясындағы ең мәртебелі әрі үздік құрылымдардың бірі.  

КЕНЖЕБЕК ТҮКЕШЕВ,  55/12 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІНІҢ КОМАНДИРІ

Осы 27 жылдың ішінде біздің әскеріміз Ұлттық ұлан сарбаздары отан алдындағы борыштарын адал өткеріп, ерен еңбектерімен көзге түсіп, біздің Елбасымыздың атынан үлкен марапаттарға ие болып, абыроймен атқарып келеді. Бүгінгі күні біздің де әскери бөлімде осы мейрамды ескеріп, бізге НұрОтан партиясы атынан, қалалық әкімшіліктен атынан біздің әскерлерімізге марапаттаулар таратуда.

Ұлттық ұлан сарбаздарының басты міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау. Олар өз міндеттері мен борыштарын өтей жүріп құқықбұзушылармен де күресіп, көмек қажет болған жандарға қол ұшын созуға да әзір, қашанда. Кәсіби Достық концерт залында өткен шара барысында 50-ден аса әскери қызметші адал қызметтері үшін марапатталып, еңбектері еленді.

Автор: Есенбек САНАТҰЛЫ, Валерия СТЕПЧУК. Оператор: Дәулет ҚОШҚАРБАЕВ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар