Павлодарлық дәрігерлер өңір тұрғындарын спортпен айналысуға шақыруда

Ұдайы шынығу адамның өмірін ұзартып қана қоймай, ауру-сырқаудан ада болуға көмектеседі,- дейді олар. Өзгелерге үлгі болу үшін ақ халатты абзал жандардың спортты серік етіп, жеңіл атлетикалық жүгірістен өзара жарысқа түсті. Дәрігерлер арасындағы жүйріктің кім болғанын тілшіміз анықтап көрді.

15:55, 16 мамыр 2017   180

Жеңіл атлетикалық жүгіріс Павлодардың төменгі жағалауында ұйымдастырылды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыста бағын сынап көрмекке 9 команда жиналды. Спорттық шараға қатысушылардың бірі – облыстық перинаталдық орталықтың акушері - Анастасия Зуева. Дәрігерлер салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, өздері де баршаға үлгі бола білуі тиіс дейді. 

АНАСТАСИЯ ЗУЕВА, №1 облыстық перинаталдық орталықтың акушері 

Жарыс барысында әйелдер 1200 метр қашықтықта сынға түсті. Бұл аралықта үздік нәтижені дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің  мамандары көрсетті. Екінші орын Павлодар медициналық колледжіне бұйырды. Үшінші орынды 3 емхана дәрігерлері жеңіп алды. Жарыста ерлер  жағы 2400 метр қашықтықты жүгіріп өтулері тиіс болды. Мұнда үшінші орынды  3 емхана, Екінші орынды Павлодар медициналық колледжі жеңіп алды. Ал ең үздік нәтижені дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің мамандары көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. 

 

 

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26