ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ПАВЛОДАРЛЫҚ БІР АНА ТУҒАН БАЛАЛАРЫНАН БАС ТАРТТЫ

14:00, 12 сәуір 2018

Бауыр еті балаларынан шарасыздықтан бас тартқан. Тура мағынада далада қалған Павлодар қаласының тұрғыны ұл-қызын кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығына тапсырды. Өзі болса үй-күйі жоқтарға арналған мекемені паналауға мәжбүр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтап көрді.

Тағдыр тауқыметіне төтеп бере алмаған ана Павлодар қалалық білім бөліміне жүгінді. Екі бірдей баласын арнайы орталыққа тапсырам деп келген. Бұған тұрар үйі мен жұмысының жоқтығын алға тартты, - дейді мамандар.

ӘСИЯ ДҮЙСЕМБЕКОВА, Павлодар қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі

Дүйсенбі күні бізге бір азаматша жүгініп, қиын жағдайға ұшырағанын айтты. Тұратын үйі жоқ. Осыған дейін жалдап келген пәтерінің мерзімі аяқталған. Сондықтан екі бірдей баласын қайда апарарын білмей дал. Біз мұндай жағдайда көмек көрсетуге міндеттіміз.

Амалы қалмаған ана қазір үй-күйі жоқтардың мекемесін күнелтуде. 16 жасар қызы мен алты жасар ұлы болса Павлодар қаласындағы Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Мұнда оларға барлық жағдай жасалған.  

НИКОЛАЙ ҚОЖАХМЕТОВ, облыстық Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының жетекшісі

Балалар мұнда анасы тұрмыстық жағдайын реттеп алғанға дейін тұра алады. Жұмысқа орналасып, баспана мәселесін шешуі керек. Үш ай мерзім беріледі. Мекемеде балаларға барлық жағдай жасалған. 5 мерзімді тамақтану бар. Олармен психолог жұмыс істейді. Сабақты да осында оқиды.

Егер келіншек үш айдың ішінде ұл-қызын алып кетпесе, ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ал балалары жетімдер үйіне орналастырылады.

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, тастанды балалар, 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...