ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

01:34, 15 желтоқсан 2018

«Сарыарқа» мөлтек ауданында қос бірдей көп қабатты үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар үшін қолданысқа берілді. Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің қатарында бюджеттік сала мамандары – дәрігерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа қонысқа кенелген қалалықтарды облыс әкімі Болат Бақауов құттықтады.

«Сарыарқа» мөлтек ауданы бүгінде адам танымастай өзгерген. Бұрынғы екі қабатты құлауға аз-ақ тұрған сүреңсіз үйлердің орнына көп қабатты биік те зәулім үйлер бой көтерген. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аталмыш ауданда тағы екі үйдің құрылысы аяқталып, пәтер кілтін асыға күткен қалалықтар қуанышқа кенелді. Павлов 146, Шөкин 170/2 мекенжайларындағы көп қабатты үйге мұғалімдер, дәрігерлер басқа да бюджеттік сала мамандары қоныстанды. Оларға пәтер кілтін аймақ басшысы Болат Бақауов табыстап, барша жиналған жұртшылықты еліміздің алдағы басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізгендер – тұрғын үй жинақ жүйесінің салымшылары. Оларға пәтердің шаршы метрі қолжетімді бағамен ұсынылды.  

 

Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар