ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА УЛЫ ӨСІМДІК АНЫҚТАЛДЫ

15:35, 11 маусым 2019

Аймағымызда «Циклахена» деп аталатын аллергиялық қоздырғышқа ие аса қауіпті өсімдік анықталды. Дәлірек айтсақ, бұл өсімдік түрі біздің өңірімізде бұрындары болмаған. Биолог мамандардың айтуынша, павлодарлық жұрттың маусымдық аллергияға көптеп шалдығуының бірден-бір себебі – дәл осы улы өсімдік көрінеді.

Әсел Жақсыбай, тілші:

Республикалық  фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығында  қазірдің өзінде бұл өсімдікті егжей-тегжейлі зерттеу жұмысы басталып кеткен. Аймағымыздың әр өңірінде кездесуі мүмкін улы шөптің қаншалықты жер көлемін алып жатқаны туралы нақты дерек жоқ. Алайда, облыс әкімі Болат Бақауов бұл зиянды өсімдіктің тез арада көзін құртуды әр аудан басшылығына арнайы тапсырма арқылы жүктеу керектігін қадап айтты.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Циклахена өсімдігі қазір аймағымызда көптеп кездескенмен, оның қаншалықты зиян екендігін көп адам біле бермейді... Әлі де анықтай түсеміз қанша гектар жерді бұл улы өсімдік жайлап жатқанын. Және ауылдық жерлерден де оларды жою үшін жергілікті әкімдерге тапсырма жүктейтін боламын.

Жол бойын жиектеп, немесе үйдің жанындағы бау-бақшаларда өсіп жатқан бұл улы өсімдікті көрсеңіз, оның көзін бірден жойыңыз! Себебі, «Циклахена» - қазақша баламасы жусанжапырақты ойраншөп деп аталатын бұл өсімдіктің кесірі көп-ақ. Бұған дейін арам шөп дегенді естіп те, көріп те келген мына бізге «ойран шөп» деген атауы да ұнамай қалды. Адам өмірін ойрандатпаса игі ед... Циклахена - шын мәнінде, адамдардың денсаулығына зиян келтіретін улы өсімдік. Онымен күресуді дереу қолға алып, түп-тамырымен жоймайынша, оның тез арада көбейіп кету қаупі де басым, - дейді биолог мамандар.

Татьяна Пономарева, биолог:

Қауіптілігі сол, ол ертең гүлдеген кезде адамдар арасында аллергия ауруын асқындыра түседі. Және осы тұрған жердің өзінде де қазір маңатындағы басқа өсімдіктердің өсіп-өнуіне зиян келтіреді.

Қайыргелді Шотарғалиев,  зертхана басшысы:

Біздің зертханамызда өте зиянды өсімдіктерге талдау өткіземіз. Циклахена деген өсімдік біржылдық өте зиянды.

Айтпақшы, тағы бір алаңдатып отырғаны – өңірімізде аллерголог мамандардың тапшылығы. Әдетте елу мың  адамға бір аллергологтан келсе, аймағымызда бүгінгі таңда бар-жоғы 3 маман ғана осы саланың білгірі. Қабылдау кезінде талдау жасау да  тек қана ақылы түрде. Аймақ басшысы бұл мәселені де шешу жолдарын қарастыратынын айтады.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...