Павлодарда «Марғұлантану» орталығы ашылды

18:31, 12 қыркүйек 2017

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодардағы «Марғұлан Центр» аймақтық археологиялық орталығында болды. Төраға орынбасары мұнда «Марғұлантану» кабинетінің ашылуына қатысып, орталық мамандарының ғалыми зерттеулерімен танысты.

«Марғұлан Центр» аймақтық археологиялық кешені – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде құрылған. Бүгінде бұл кешен белді ғалымдарды, археолог мамандарды бір ортаға біріктіріп отыр. Бірегей кешенге бас сұққан Мұхтар Құл-Мұхаммед орталықтың атқарып жатқан жұмысына жоғары бағасын берді.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан есімімен аталатын орталықта бұл күні «Марғұлантану» музей-кабинеті ашылды. Қазақтың археология мен этнография мектебінің негізін салушы ғалымның мұнда жеке заттары, бірқатар ғылыми еңбектері мен қолжазбалы қойылған. Салтанатты шараға әйгілі ғалымның туған қызы Данель Әлкейқызы Марғұлан қатысты.

ДАНЕЛЬ МАРҒҰЛАН, Марғұлан Халықаралық қорының вице-президенті

Әлкей Марғұлан Қазақ даласындағы қола мен ерте темір дәуіріне тиесілі археологиялқ ескерткіштерді ашты. Шоқан Уәлиханов жайлы еңбектері, қазақтың этногенезі басқа да 300-ден астам ғылыми жарияланымдары кейінгі ұрпаққа үлкен мұра боп қалды. 

РОЗА ИГІБАЕВА, ПМПИ ғылыми кітапханасының жетекшісі

Бүгінде Марғұлан орталығының мамандары төл тарихымызды зерттеуде, археологиялық жаңалықтар ашу жолында үлкен жұмыстар атқаруда. Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл басталамаларды Рухани жаңғыру бағытындағы мақсат-міндеттерді орындаудың айқын үлгісі деп бағалады. 

Тақырып бойынша материалдар

Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
18:45, 22 ақпан 2018
Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
Толығырақ...
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
18:40, 22 ақпан 2018
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
Толығырақ...
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту мақсатында 7 бірдей энергоблокқа электросүзгілер орнатылды
18:34, 22 ақпан 2018
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қорш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
19:56, 16 ақпан 2018
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
Толығырақ...