ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ПАВЛОДАРДА КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

19:00, 9 қазан 2019

Ішкі нарық басты назарда. Павлодар ауданында 2020 жылы күркетауық өсіретін цех жұмысын бастамақ. Ауқымды жобаны қолға алған кәсіпкерге мемлекет тарапынан да үлкен қолдау бар.

Павлодар ауданына қарасты Шақат ауылында күркетауық етінің өндірісі бойынша ірі жоба қолға алынған. Қазіргі таңда жұмыстар қарқын алуда. Бүгінде кәсіпкердің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жалпы жоба құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Ербол Досыбаев, кәсіпкер:

Взяли землю. 22 гектаров Алғашқысында 22 гектарды құрайтын жер телімін алдық. 2018 жылы жерді өз иелігімізде аудардық. Ал 2019 жылдың басында құрылысқа білек сыбана кірістік. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл жерде үлкен құс сою цех болады. Оның ішінде қайта өңдеу жұмыстары да жүргізіледі. Тоңазытқыщ камераларын да орнатамыз. Бөлінген алаң бірден біздің барлық ойларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Кәсіпкер жеке өзінің қалтасынан қаражат шығарып нысанның құрылысын бастаған.  Құс союға арналған цехтың аяқталуына аз уақыт қалды. Алдыңғы қатарлы замауи жабдықтар сатып алынған. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 8-10 мың тонна, ал тәулігіне 30 тонна құс етін өндіруге жетеді.

Ербол Досыбаев, кәсіпкер:

Ну на первом этапе цех убоевой переработке строиться.... Ең бірінші кезекте, бастысы цехтың құрылысы жақын арада аяқталады. Тек жұмыртқаны алып, инкубациялап, кішкентай тауық балапандарын аламыз. Біздің жоба үтір, нүктесіне дейін жоспарланған.

Құс цехы 2020 жылдың соңында өз жұмысын бастамақ. Жаңа кәсіпорын 300 адамды жұмыспен қамтиды. Атап өту керек, біздің аймақ еліміздегі күркетауық етін өндіру кәсібін қолға алып отырған алғашқылардың бірі. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мемлекет тарапынан үлкен қолдау болатындығын да тілге тиек етті.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...