ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘРІ 5 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН»

19:25, 10 тамыз 2018

Осыдан бір ай бұрын іске қосылған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша павлодарлықтардан небәрі 5 өтініш келіп түскен. Ал бұған не себеп? Жаңа бағдарламаға деген сенімсіздік пе? Әлде бұқара жаңа бағдарламадан хабарсыз ба? Мәселе Ұлттық банктің облыстық филиалы мамандарымен өткен брифингте жан-жақты түсіндірілді.

Осыдан бір ай бұрын іске қосылған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша павлодарлықтардан небәрі 5 өтініш келіп түскен. Ал бұған не себеп? Жаңа бағдарламаға деген сенімсіздік пе? Әлде бұқара жаңа бағдарламадан хабарсыз ба? Мәселе Ұлттық банктің облыстық филиалы мамандарымен өткен брифингте жан-жақты түсіндірілді.Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау төртінші шілдеден басталған. Анықталғандай, осы күнге дейін республикада жалпы құны 2 миллиард болатын 640 өтініш мақұлданған. Бұл, негізінен Алматы, Астана, Ақтау қалалары. Ал Павлодарда 7-тамызға дейін небәрі 5 өтініш түскен. Оның екеуі мақұлданбаса, үшеуі әлі қарастырылуда. Аталған ипотекалық бағдарламаға қызығушылық неге төмен? Мамандардың айтар уәжі мынандай.   

ЕРДОС СПАНДИЯРОВ, ҚР Ұлттық банкі Павлодар филиалы директорының орынбасары

Өздеріңіз түсінесіздер, Алматы мен Астанада адам саны көп. Тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Демек қызығушылық та жоғары. Ақтауда да дәл солай.

Әйтсе де, Павлодарда да тұрғын үйге сұраныс жоғары. Мәселен, өңірде баспаналы болам деушілердің кезегінде 28 мың павлодарлық бар. Соңғы кездері құрылыс саласының өсім қарқынының бәсеңдеуі де мәселе тудыруда. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыратын оператор «Баспана» компаниясы. Капиталы – 1 триллион теңге. Сонымен, талаптарын тағы бір мәрте тізіп өтсек.

ЕРДОС СПАНДИЯРОВ, ҚР Ұлттық банкі Павлодар филиалы директорының орынбасары

Ең басты талап – бұл бағдарламаға қосылу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Бұл азаматтың жеке меншігінде тұрғын үйі болмауы керек және жүгінген күнге дейін өтелмеген ипотекалық қарызы болмауы тиіс.

Мамандардың айтуынша, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында ең жоғары ипотекалық несие 25 млн теңге. Ал, қалған өңірлерде ең қымбат пәтердің құны 15 миллион теңге. Атап өтері, рәсімдеуде мекенжай тіркелімінің қажеті жоқ. Демек, баспананы кез келген қаладан сатып алуға болады. Барлық қажетті ақпарат «www.baspana72025.kz» сайтында бар.

 

Салтанат НЫСАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
19:04, 10 қазан 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар