ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Павлодарда «Бала дауысы» Ұлттық ән байқауының ашылу салтанаты өтті

16:01, 16 мамыр 2017

Павлодарда жеткіншектер арасындағы «Бала дауысы» Ұлттық ән байқауының екінші маусымы өтті. 7 мен 13 жас аралағындағы талантты өнерпаз балаларды іздейтін бірегей жоба еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Биылғы байқау ҚР Тұңғыш Президентінің қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткелі отыр.

«Бала дауысы» Ұлттық ән байқауы екінші маусымының Павлодарда ашылуы кездесоқтық емес. Өткен жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған  байқауда  керекулік өрендер жеңімпаз атанған болатын.  Осыған орай  биылығы маусым  Павлодар қаласында өткізіліп отыр.  Ән сайысының негізгі  мақсаты  талантты балаларды іздеп тауып, олардың шығармашылығын қабілеттерін шыңдау болып табылады.   

ТОЛҒАНАЙ ХАСЕН, ұйымдастырушы

Маусымның  ашылу салтанатында  өткен жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысып, өнер көрсетті. Биылғы жылы павлодарлық өрендерді  таңдауға тәлімгер  ретінде  белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы таңдалып отыр.  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері өнерлі жеткіншектерді таңдауда  әнді  жүрекпен орындап,  жеткізе білуіне аса мән бермек. 

ЖҰБАНЫШ ЖЕКСЕНҰЛЫ, әнші

Елімізге белгілі  ән өнерінің майталмандарынан құралған шығармашылық топ  13-мамыр мен 22 маусым аралығында  республиканың түкпір-түкпірін аралап талантты балаларды іздейтін болады. Ұлттық ән байқауына 7 мен 13 жас аралығындағы  өнерлі  өрендер  қатыса алады.   Іріктеу  кезеңнен өткен жеңімпаздар   күз айында өтетін жартылай финалға жолдама алмақ.   Ал жеңімпаздарға еліміздегі  өнер ордаларына оқуға грант пен  Париж қаласына саяхаттап қайтуға мүмкіндік берілмек.

Автор: Өзгеріс Қуанар

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...