ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

18:53, 10 қазан 2018

Елбасы Жолдауында алға қойылған мақсат-міндеттерді уақыт оздырмай орындау қажет. Маңызды құжатты талқыға салған Павлодар қаласының активі осындай пікірде. Жиынға шаһар басшылығы, сала жетекшілері, халық қалаулылары қатысып, Жолдау жүктеген тапсырмаларды орындау барысын баян етті.

Елбасы жолдауы - жергілікті билік жұмысына бағыт-бағдар болатыны анық. Маңызды құжатпен мұқият танысқан атқамінерлер Жолдау жолдарын талқылап қана емес, алдағы жұмыс жоспарын пысықтау мақстатында жиналды. Көптің көкейіндегі мәселелерді дөп басқан биылғы Жолдау барша қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіріп, олардың өз Отанында жайлы да бақуатты өмір сүруіне арналып отыр. Ендеше, халықтың қамын ойлайтын атқамінерлер қауымы уақыт оздырмай Президент тапсырмаларын орындау қажет деді Әнуар Күмпекеев.  

ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, Павлодар қаласының әкімі

Бизнес қашанда биліктің назарында. Президент биылғы Жолдауда кәсіпкерлерді заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсуді тсапсырды. Жалпы, ел экономикасын еселеуде қоғамның өзі селқос болмауы қажет. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл бағатта ауқымды жұмыстарды қолға алған.  

Елбасы шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды. Осылайша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұл алынып тасталмақ. Президенттің кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге бағыттаған іс-шаралары шағын және орта бизнес өкілдерін қуантуда.

Ендігі мақсат – жолдауды кең көлемде насихаттап, оны қалың жұртшылыққа кеңінен түсіндіру. Осы мақсатта халық қалаулылары, жергілікті билік өкілерінен құралған арнайы топ ауыл-аудандарға аттанбақ.

 

Қуандық ТАНАБАС

 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...