ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ

14:56, 18 сәуір 2018

Биылғы жылы шыбын-шіркейді улау шаралары сәуірдің 20-сынан кейін басталмақ. Бұл жұмыстарға 602 миллион теңге қаржы бөлінді. Сәуір айының екісінен ғалымдар арнайы мониторинг жүргізіп, шіркей мен маса дернәсілдерінің даму деңгейін бақылауда. Алдағы жазда шыбын-шіркей жағдайы қалай болмақ? Бұл туралы әріптесім Салтанат Нысанбек айтып береді.

САЛТАНАТ НЫСАНБЕК, тілші

2016 жылы өңірдегі қаптаған шыбын-шіркей мен маса облыс тұрғындарының мазасын біраз қашырғаны есімізде. Қансорғыштарға, тіпті ауыл-аудандардағы төрт түлік те шыдас бере алмай, қырылды. Бұған қаржының кеш әрі аз мөлшерде бөлінгені себеп.

Өткен жылдардың жағымсыз тәжірибесін шенділер ескерсе керек, биылғы дезинсекциялық жұмыстарға бөлінген қаржы қомақты. 602 миллион теңге. Оның 22 миллионы мемлекеттік сатып алудан кейін үнемделді. «Бактицид» биологиялық препаратының 200 мың литрі мен 4 жарым литр «Аверфос» химиялық препараты сатып алынды. Қансорғыштарды улау шаралары кешенді жүргізілмек. Биыл әуедегі улау 16 мың гектардан 20 мыңға ұлғайған.

ЕРЛАН ТҮРГЕЛДИНОВ, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілі

«Бактицид» биопрепаратының 199844 литрін Биофарм серіктестігімен, қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекциялық қызметтерді көрсетуге Ветдез ПВ серіктестігімен келісімшарт жасастық.

Биыл қала мен аудандардағы улау науқаны жергілікті бюджет қаржысына жасалады. Биопрепараттарды жеткізу жөніндегі байқаулар аяқталуға жақын,-дейді мамандар. Шыбын-шіркей мен маса дернәсілдерінің даму деңгейін арнайы ғылыми топ бақылауына алған.   

ӘНУАР АЛШИН, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының энтомологы

Бір шаршы метрге масаның бірінші кезеңдегі 572 дернәсілі анықталып отыр. Дамығанда бір шаршы метрге 12мыңға дейін жетеді.   

САЛТАНАТ НЫСАНБЕК, тілші

Улау шаралары  қансорғыш дернәсілдерін 2, 3 кезеңдегі даму сатысында жүргізіледі. Мамандар дезинсекциялық шара сәуірдің 22-сінен бастауды жоспарлап отыр.

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, маса, шіркей, қансорғыштар, 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
20:47, 10 тамыз 2018
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ Ө...
Толығырақ...
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ  ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУДЕ
20:09, 10 тамыз 2018
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
20:52, 7 тамыз 2018
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
21:20, 7 тамыз 2018
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ...
Толығырақ...